8-1 0 сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінен 25 қазан Республика күніне орай "Kazakhstan in my dream" тақырыбында эссе жазу сайысы өткізілді. » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-1 0 сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінен 25 қазан Республика күніне орай "Kazakhstan in my dream" тақырыбында эссе жазу сайысы өткізілді.
26
октябрь
2022

8-1 0 сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінен 25 қазан Республика күніне орай "Kazakhstan in my dream" тақырыбында эссе жазу сайысы өткізілді.

Алматы қаласы Алатау ауданы # 152  мектеп гимназияның 8-1 0 сыныптар  арасында ағылшын тілі  пәнінен 25 қазан Республика күніне орай "Kazakhstan in my dream" тақырыбында эссе жазу сайысы өткізілді. Оқушылар  Қазақстанның өткені мен бүгіні, болашағы туралы ой-толғамдарын сырлы сөзбен әсемдеп, жүрек түкпіріндегі өз туған еліне деген сүйіспеншілігін, арманын, сенімін жеткізді. Ел тәуелсіздігі ең басты құндылық екенін терең түсіну, оны сақтап, елімізді дамытуға үлкен үлес қосу өз борышы болуын сезіну әр жұмыстың мазмұнынан байқалды. Эссе жұмыстарын мектеп-гимназияның білікті ұстаздары  әр сыныптардың жас ерекшеліктеріне қарай бағалап, өз шешімдерін ұсынды. Атап айтсақ, 8 сынып бойынша Нұржан Кәусар, Қарынбай Арай, 9 сыныптар бойынша Серікұлы Ақтілек, Арзкулова Нұрай, Айтолла Арай, 10 сыныптар бойынша   Геріп Меруерт, Әскербек Мадинаның жұмыстары жоғары бағаланды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: