Тәлiмi мықты - тәлімгер! » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәлiмi мықты - тәлімгер!
05
декабрь
2022

Тәлiмi мықты - тәлімгер!

Тәлiмi мықты - тәлімгер! Алматы  қаласы Алатау  ауданы  №152  мектеп – гимназия  директорының  оқу  ісі жөніндегі  орынбасары Н.А.Ақылбекованың  жетекшілігімен  «Тәлімгерлікті ұйымдастыру  қағидаларын  және тәлімгерлікті  жүзеге асыратын  педагогтерге  қойылатын  талаптарды  бекіту  туралы   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығымен бекітілген "Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар" - ды  негізге  ала  отырып,    «Жас мамандар мен озат мұғалімдер   мектебінің қызметін бақылау»  талаптары негізінде  мектебімізде  "Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы"  тақырыбында  апталық  болып,  нәтижесі  семинармен аяқталды. 
Мақсаты:  Мектептегі кәсіптік қызметке алғаш рет кіріскен педагогке   бір оқу жылы кезеңіне тәлімгерлікті жүзеге асыратын бекітілген  педагог        - тәлімгер мен жас маманның  жылдық жұмыс жоспары бойынша жүзеге асуы бақыланып, бірлескен  жұмыстары  тәжірибесімен  бөлісу.  
Семинар спикерлері: Гүлнаш Құсайынова, Дариға Елубаева, Мұса Жанар.
Мұса Жанар - педагог кәсібін, сабақтарды сапалы өткізудің практикалық әдістері мен тәсілдерін таныстырып, сабақты жоспарлау, әдістемелік семинарларды, мастер - кластар мен тренингтерді, жүргізу, ic-әрекеттi зерттеу (LS) бойынша  бағыт  бердi.
Гүлнаш Құсайынова - жас педагогтің кәсіби дамуына, моральдық және іскерлік қасиеттеріне, оның жұмысқа,  ұжымға және білім алушыларға қарым - қатынасына мониторинг жүргізу  арқылы,  тәлімгердің   жас педагогпен жасалып жатқан жұмыстарынан  көріністер  туралы айтып, жас маманның  жұмысын бағалады.
Дариға Елубаева - педагогтердің жекелеген   міндетті құжаттарды бірлесіп ресімдеу және толтыруға  көмек беру,  кері байланыс беру арқылы    жас педагогтің сабақтарына қатыса  отырып жасаған жұмысы мен  әдістемелік көмек беру  тәжірибесімен бөлісті.   
       Семинар  соңы     мектеп  - гимназия директоры Р.С Абдикариованың жастарды толассыз iзденiске шақырған қорытынды сөзі мен  оқу ісі   жөніндегі  орынбасарлар Н.А.Жақыпбекова мен Н.А.Ақылбекованың жүргізген рефлексиясымен жалғасып,   жас  мамандардың  алғысқа  толы  кері байланысымен   аяқталды.
Іске сәт – жас маман!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: