«Жолда жүру ережесі» » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
март
2023

«Жолда жүру ережесі»

       
        №152 мектеп-гимназиясында «Жолда жүру ережесі» бойынша жылдық жоспар  құрылып, бекітілген еді.  2023 жылдың наурыз,  сәуір аралығында  «Абайлаңыз, балақай!»  айлығына байланысты  1-4  сыныптарда сынып сағаттары  өткізілді.
     «Бағдаршам» тақырыбында сурет байқауын 1-4 сынып жетекшілері  өткізіп, үздік  сурет конкурсында  озып  шыққан  сынып  оқушылары -  Алатау аудандық полиция басқармасының әкімшілік полиця бөлімінің аға Мемлекеттік көлік инспекторы полиция майоры Оразымбетов Руслан Бизакович, Мемлекеттік көлік инспекторы полиция капитаны Табеев Куаныш Комунурович мырзалармен кездесу жасады.  Аудандық  автоинспекторлар - бастауыш сыныптарымен   «Жол тәртібін білейік,  аман- есен жүрейік!» -  деген тақырыпта сұхбат,  жүргізді.    Кездесу  барысында оқушылар  жол  тәртібін  біліп  қана  қоймай,  «Жаяу жүргінші және жол апаты» тақырыбындағы  және жаяу  жүргіншілердің  жолдан өту  кезіндегі  қауіпсіздігі  туралы  2 «Ж»  сыныбының   ашық  сабағына  қатысты. Сынып  жетекші  Қуанған  Назгүл оқушыларының  жол жүру  ережесіне  арналған  дәптерлерін көрсетіп,  оқушылар  «Бағдаршам» туралы  өлең  оқыды. Инспекторлар   3«А»  сынып  оқушыларымен мектептің  С.Такежанов  көшесі  бойындағы  «Жол белгілерінің»  ерекшелігін,  жаяу  жүргіншілер   міндетін түсіндірді. Кездесу  соңында   3 «А» сынып жетекшісі Жайна Толқынбаева  шаттық  шеңберін  құрып,  кері  байланысты сұрақ-жауап   жасау  арқылы  жол ережесін түсінгенін  пысықтады. Оқушылармен  бірге   «Бағдаршам» -жолда жүру ережелерін үйренеміз тақырыбына  5 минуттық  мультфильм  көріп,  басты кейіпкер «Көкетайдың» жол ережесін үйренгені  туралы талдау  жасалды. Оқушыларға  ЖЖЕ өмір  қауіпсіздігінің негізі  екенін  тағы  бір ескертті.         Инспектор Руслан Бизакович  бала қауіпсіздігі басты назарда екенін ескере отырып,  мұғалімдерге  оқушы қауіпсіздігіне   түсіндіру жұмысын жүргізді. Баланың өмір және жол қауіпсіздігіне байланысты айлық шеңберінде инспекторлар  1 - сынып оқушыларын тағы да  «Жол белгілері» бұрышыеның міндетімен  таныстырды. 
       Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Ақылбекова әр  сыныпта  «Өмір қауіпсіздік негіздері мен Жол ережелері» бұрышы,  "Жол жүру ережелеріне"  арналған әр оқушыда  жұмыс дәптері бар екенін айтып өтті.  Руслан Бизақович  оқушыларға жол  жүру  ережесіне  арналған  буклеттер   таратып  берді.
    
Инспекторлар -бала қауіпсіздігі басты назарда екенін ескере отырып,   әр сынып жетекші оқушыларға өмір қауіпсіздігін, жолда жүру ережелерін, қауіпсіздік ережелерді сақтап отыруын үнемі қадағалауда ұстау тапсырылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: