№ 152 мектеп - гимназияның ГРАНТ иегері. » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 152 мектеп - гимназияның ГРАНТ иегері.
31
март
2023

№ 152 мектеп - гимназияның ГРАНТ иегері.

№ 152 мектеп - гимназияның ГРАНТ иегерi. Алматы облысы және Алматы қаласы 10-11 сыныптарға арналған  "Алтын түлек " олимпиадасының республикалық кезеңі 11 наурыз күні
Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінде
(Satbayev University) өтті. Мектеп - гимназиядан қатысқан жаратылыстану - ғылыми пәндерге бейiмi жоғары, математикалық сындарға кiшкентай кезінен ерекше қызығушылық танытып, барлық конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрген қабiлеттi  оқушымыз  - Қызайбек Самат Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінің грант иегерi атанды.  Бейiнiне қарай бiлiмiн дәлелдеп озық шықты. Оқуға деген ынтасын, ұстаздарының еңбегін ақтай бiлген Самат мектеп - гимназия мерейiн асқақтатты. Жас түлектiң болашағына үлкен сенім артып, барлық додаларға қатыстырып, бағыттай бiлген сынып жетекшісі әрі пән мұғалімi Омарова Тұрар Әндешқызының еңбегіне табыс тілейміз! Оқушының ерекше қабілетiн танып, шабыттандыра бiлетiн ұстаздар мен ұстаздың ұстамдылығын берiк ұстанатын шәкiрттер қатары толыға берсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: