«Әрбір бала бір – Жұлдыз, жарқыратуға жәрдем ет!» » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әрбір бала бір – Жұлдыз, жарқыратуға жәрдем ет!»
29
май
2023

«Әрбір бала бір – Жұлдыз, жарқыратуға жәрдем ет!»

Алматы  қаласы  Алатау  ауданы  №152  мектеп –гимназияның  «Әрбір бала бір – Жұлдыз,   жарқыратуға жәрдем ет!»  тақырыбындағы  әр  оқушының  жетістігі  мен  ынтасын ата-аналар  алдында көрсету  мақсатындағы   2022-2023  оқу  жылының  басында  жарияланған   ішкі  конкурс нәтижесі   өз  мәресіне  жетіп,  бастауыш  сыныптарда  «Әрбір бала –бір жұлдыз!»  шеруі  өтті.    Салтанатты  іс-шараның мақсаты  оқу    жылының  аяқталуы  қарсаңындағы білім  алушылардың  ата-аналарын   осы  оқу жылының   жетістіктерінен  хабардар ету.  Оушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысының нәтижесін көрсету.  Оушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын  дарыту  жолындағы  жетістіктер  мен  өзара    құрмет пен түсіністікке негізделген    мектеп мәдениетінің  қалыптасуын,  балалардың жыл бойғы білімнен алған тәрбиелерін,  «Бастауыш білім берудің  кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау  мақсатындағы  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  атқарып  жатқан  жұмыс  нәтижесі мен  оқушының  жыл  көлеміндегі  жетістігін паш ету.  Мұғалімдер жыл,  тоқсандар   барысында түрлі  сайыстар,  өмір қауіпсіздігі,  денсаулық,  тәрбие бағытындағы  түрлі  іс-шаралармен  қатар,  ашық   сабақтар, сыныпішілік, сыныпаралық, мектепішілік, аудандық,  қалалық сайыстарға,  2022 жылдың 7 – 11 қазан аралығында өткізілген «Кенгуру-математика барлығы үшін» байқауына, 2023 жылдың 4-7 ақпан аралығында «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығы өткізген «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына, «Алтын ұрпақ»  пәндік сайыстары мен ағылшын  пәнінен   халықаралық  «Бридч бульдог»,  Республикалық «Мұқағали оқуларына», мектепішілік «Абай, Шәкәрім оқуларына» түрлі интеллектуалдық  сайыстар, спорттық  сайыстар, аудандық ««Зерде» Республикалық ғылыми жоба конкурсы, домбыра өнер сайысы, «Оқуға құштар мектеп» жобасы  аясында өткізілген жас оқырман рольдік  ойындар сайысына,  «Алматы БалаFEST» қалалық балалар фестивалінің  «Қайырымды қақпақтар» номинациясы бойынша аудандық кезеңіне, «Көктем көркі – қызғалдақ» атты қалалық  фестивальдың  «Көктем келді» флористикалық костюмдер байқауына, мектепішілік «Көктем келді» макет жасау қолөнер сайысына,   «Алтын қыл қалам!» айдарымен  дәстүрге  айналған мектепішілік «Құстар біздің досымыз», «Менің отбасым»,  «Қауіпсіздік үйден басталады» сурет байқауына, мектепішілік, аудандық, қалалық «Бастау» олипиадасы бойынша және Республикалық,  Халықаралық деңгейде өткен өнер - би конкурстарында жүлделі орын иегері  болған оқушыларын,  сыныпішілік «Ең үздік математик» олимпиадалары,  мектепшілік мәнерлеп оқу,    математикалық «Алтын сақа» сайыстарының, мектепішілік әр тоқсанда  өтілетін «Алтын дәптер»  көркем жазу сайысына қатысқан, дүниетану пәнінен өткен  «Кім жылдам?»  ойынының жүлдегерлерін, мерейтой иелеріне арналған тәрбие сағаттарына, әдеби кештерге мәнерлеп оқу сайыстарына, эссе, мазмұндама, шығарма жазу сайыстарына,  «Дүниетану,  көркем еңбек» пәндері бойынша сайыстарға, конкурстарға,  «Тарихқа  тағызым»,  «Олар ұмытылмайды» атты патриоттық сабақтар сайысы  мен «Тәуелсіздік –тірегім,  Қазақ  елі-жүрегім!» атты суреттер, патриоттық әндер конкурсына,  «Жолда жүру ережесі»,   тағы басқа  көптеген  сыныппен бірге  өткізген сайыстарға қатысқан оқушыларды  жетелеп шыққан  ұстаздар қауымы  ата-ананы  бір  серпіп  тастады. Шеруге  қатысқан  бастауыш  сыныптың  барлық  оқушысы /100%/  мақтау қағаздарын,  кубоктар,  медальдарын, сертификаттарын  көтеріп шығып, шерудің  көрмесіне қойып,  1-сыныптар өз ұрандарын айтты. 2-сыныптар сергіту сәтінен көріністер көрсетті. 3-сыныптар флешмоб билеп, 4-сыныптар, ән, күй, биден өнер көрсетті.  Кеш қонағы  болып  келген Алатау аудандық  білім бөлімінің бас маманы Ә.Б.Смағулова  ата-аналарды  құттықтады. Өнер — ағып жатқан бұлақ, ілім — жанып тұрған шырақ, - демекші   жұлдыздарына  шырақ  болып жағылған  педагогтар әр  баланың  бойында  бір  өнер,  бейімділік,   өзіндік ерекшелігін және оның мүмкіндіктерінің жеке ерекшелігін анықтау және ашу жолындағы істерімен дамыта  оқыта  отырып,  тәрбиелеп  отырғандарын  көрсетті. Шеруді  жыл  басынан жоспарлап,  мұғалімдер  мен  оқушыларды  қанаттандырған  директордың  оқу  ісі жөніндегі    орынбасары Н.А.Ақылбекова «Әрбір бала –бір Жұлдыз,  жарқыратуға жәрдем ет!»-деп, бастаған  ісіне көмек  көрсеткен  ұстаздар  қауымына ризашылығын  білдірді.  Мектеп –гимназия директоры Р.С.Абдикаримова ата-аналарға  бала  мектепке  құры босқа  келмейтінін,  сапалы білім берудегі шеберлік күнделікті  45  минуттан басталатынын,  ерінбейтін ұстаз ғана  үлкен  нәтижеге  қол жеткізетінін  атап өтті. Шеру жалғасын  табатынына  сенімдіміз!  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: