Мектеп тарихы » Страница 3 » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2014

Мектеп тарихы

№152 ЖББ мектеп тарихы


Мектеп тарихы Бүгінгі таңда мектепте 2013 бала, 323 бала 1 сыныпта және 179 бала мектеп алды даярлық сыныбында оқып жатыр. Балаларға білім беретін мұғалімдер мен қосымша білім педагогтарының саны149
Мектепте биылғы оқу жылында 11 сыныпта 37оқушы оқиды.
Әр оқушымен ҰБТ – ке дайындық жұмысы ерекше мектеп әкімшілігі тарапынан қадағаланып отыр.
ҰБТ – ке дайындық мектепте барынша жолға қойылған. Атап айтқанда;
- 2009 – 2010 оқу жылы 24 түлек оқу бітірді, ҰБТ бойынша орта балы – 69 құрайды.
- 2010- 2011 оқу жылы 39 түлек оқу бітірді. ҰБТ бойынша орта балы – 85 құрайды.
- 2011- 2012 оқу жылы 29 түлек оқу бітірді. ҰБТ бойынша орта балы – 89 құрайды.
- 2012- 2013 оқу жылы 46 түлек оқу бітірді. ҰБТ бойынша орта балы 96 құрайды.

Мектеп тарихыМектебіміз мектепішілік спорттық және өнер үйірмелерінің жұмысы бойынша да көп жетістіктерге жетуде. Оқушыларымыз «Каратэ – до кеокушенкайдан» республикалық, халықаралық чемпионаттардың жеңімпазы, қол өнер үйірмелерінің көрмесі республикалық, халықаралық көрме байқауына шықты, биші қыздарымыз республикалық би байқауының І,ІІ орын иегерлері.
2013-2014 оқу жылы халықаралық математика олимпиадасына қатысып,
5 оқушымыз «Алтын медаль», 4 оқушымыз «Қола медаль» иегерлері атанды.
Мектеп - мұғалімдердің білім көтерулеріне де ерекше көңіл бөлді. Жыл бойына мұғалімдер білім жетілдіру курстарынан өтті. Сонымен қатар, Кембридж университетінің іс – тәжірибесі негізінде оқытылып жатқан 3- айлық курстан 30 пайыздық ІІІ деңгей бойынша 5 мұғаліміміз өтіп, тренерлік Сертификат алды.


2012-2013 оқу жылы бойынша «Дарын» ҒПО пәндік олимпиада жеңімпазы
Шаймұратова Айсұлу (орыс тілі пәні бойынша)
Пән мұғалімі: Сейдахметова Гүлжан Ниязалиновна



2012-2013 оқу жылы бойынша «Дарын» ҒПО ғылыми жоба жеңімпаздары
Есенаман Нұрсұлтан 11 сынып оқушысы (физика секциясы) Советова Құндыз 10 сынып оқушысы (химия секциясы)


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Бөбек» ҰҒП, білім беру және сауықтыру орталығы
«Космос» Республикалық сырттай конкурсының І орын иегері
Раулов Бақдаулет

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

27 апрель 2014 Біздің мектеп