«Айтыс –сөздің майданы» жас ақындар сайысы » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Айтыс –сөздің майданы» жас ақындар сайысы
22
февраль
2021

«Айтыс –сөздің майданы» жас ақындар сайысы

      Ақпан айының 20-шы жұлдызында №198 жалпы білім беретін мектепте Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Ж.Жабаев шығармашылығын насихаттау мақсатында орта білім беру ұйымдарының 5-11-сынып оқушылары арасында «Айтыс –сөздің майданы» атты қалалық жас ақындар айтысы өткізілді.  Оқушылар жоғары деңгейде айтысып, келген қонақтарды өз өнерлерімен тәнті етті. 4 деңгейді қамтитын суырып салмалы жүйріктер сайысында жүзден жүйрік атанған  мектебіміздің 8-сынып оқушысы Сансызбек Қасиет өз қарсыластарын оза шауып, алғырлық танытып  II дәрежелі дипломды иеленді. Сіңірген еңбегі үшін дарынды шәкірт жетекшісі, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, шебер педагог Сүлейменова Фарида  алғыс хатпен марапатталды. Мектебіміздің мерейін үстем еткені үшін мектеп әкімшілігі өз алғысын білдіреді!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: