«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
06
октябрь
2022

«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»

«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты іс-шара туралы мәлімет


«Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан» тегін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастырылуы бойынша жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны өткізудің басты мақсаты – оқушылардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, пайдалы тамақтану туралы мәлімет беріп, асхана әдебі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Іс-шараға 5-7 сынып оқушыларының ыстық тамақ ішетін оқушылары қатысты. Іс-шара барысында мектептің әлеуметтік педагогы Абдрешова Г.Б «Асхана әдебі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылар сұрақ қойып, өз жауаптарын алды.  Медбике қызметкері Ж. Сагидулина мен бірлесе №23 қалалық емхана қызметкерлері психолог Жумаханова Б.Б және әлеуметтік қызметкер Назарбаева Г.Б қатысуымен Дұрыс тамақтану, зиянсыз тағамдар секілді тақырыптарда баяндама оқып, үнемі дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы туралы мәлімет берді. 

Сонымен қатар, оқушыларға тамаққа бару кестесі, асханада өзін ұстау мәдениеті, ыстық тамаққа кешікпеу, тамақ сапасы туралы шағымдарды қабылдау бойынша ұсыныстар айтылды.

Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра, мектеп мәжіліс залында өткізілді.






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: