152 мектеп - гимназия мерейi дарынды ұстаздарымен асқақтауда! » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 152 мектеп - гимназия мерейi дарынды ұстаздарымен асқақтауда!
28
октябрь
2022

152 мектеп - гимназия мерейi дарынды ұстаздарымен асқақтауда!

152 мектеп - гимназия мерейi дарынды ұстаздарымен асқақтауда!   Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,  қаламы қарымды журналисі, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына тоқсан жыл толуына орай Қалалық бiлiм берудегi жаңа технологиялардың  ғылыми - әдicтемелiк орталығының ұйымдастыруымен  мұғалімдер   арасында өткен қалалық эссе байқауынан шығармашыл  әрiптесiмiз, тума талант, дара қызымыщ  Шаймергенова Самал Зiкiрияқызы 1 орын иегері атанды. Ұлтының ұлылығын ұлықтай бiлетiн, ана тілін ерекше қастерлейтін әрiптесiмiз, ақын, жазушы, өз iciнiң нағыз жанашыры,  тамаша дарын иесi  екендігімен ерешелeнiп жүрсе,   осы байқауда қала ұстаздарына  ұшқыр, түйінді ойдың иесі, дарынды ұстаз болмысымен танылды. Қазақтың қарымды қаламгерiне қалам арнаған Самалдың шығармашылығы шарықтай берсiн, қара сөзге дес бермейтін, өлең сөздi өрбіте бiлетiн қазақ қызы, қазақтың тамаша ұстазының еңбегі жарқырап, өзгелерге шабыт әкелсін! Мектеп - гимназиямыздың беделін арттыратын жетicтiктерi молынан болсын, шығармашылық табыс тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: