"Шарайна" фракциясының мүшелері, 8 сынып оқушылары Болтаева Мөлдір мен Қарсыбаева Ақниет I орын иегерлері атанды. » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Шарайна" фракциясының мүшелері, 8 сынып оқушылары Болтаева Мөлдір мен Қарсыбаева Ақниет I орын иегерлері атанды.
05
март
2022

"Шарайна" фракциясының мүшелері, 8 сынып оқушылары Болтаева Мөлдір мен Қарсыбаева Ақниет I орын иегерлері атанды.

№152 мектеп - гимназияның мектепiшiлiк "Шарайна" Дебат клубының оқушылары  "Ұшқыр алаң" ой- пiкiр сайысына дағдыланғандығын  топ алдында ой ұшқырлықтарының тереңдігiмен дәлелдей бiлдi. №178 мамандандырылған лицейінде "Алматы дарыны" дарынды  балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен Алатау ауданы мектептерiнiң Дебат клубы оқушыларының арасында  семинар-тренинг өтті. Осы шара барысында үздік ойын көрсеткен "Шарайна" фракциясының мүшелері, 8 сынып оқушылары Болтаева Мөлдір мен Қарсыбаева Ақниет I орын иегерлері атанды. Бұл тегеурінді жеңic  Мөлдір мен Ақниеттiң табанды еңбектері болса, осы топты шыңдап, дұрыс бағыттай бiлген жетекшiлерi, тарих пәнінің мұғалімдері: Шойбеков Сейтжан Кантбекович пен  Рақымжанов Ерболат Манапұлының  дұрыс баптай бiлген жауапты icтерiнiң жемici. Ұшқыр ойлап, орынды сөз бастайтын жастарымыз бен ұстаздарымыздың болашақтағы бiрлескен жұмыстарына сәттілік тілейміз! Мектеп- гимназия мерейiн асқақтата берiңдер деп сенiм артамыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: