152 мектеп - гимназияның дарынды ұстазы мен талапты оқушысының ҚР Президентi Қасым - Жомарт Тоқаевпен арнайы кездесуге шақыртылуы мектеп - гимназия мерейiн асқақтата түсті! » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 152 мектеп - гимназияның дарынды ұстазы мен талапты оқушысының ҚР Президентi Қасым - Жомарт Тоқаевпен арнайы кездесуге шақыртылуы мектеп - гимназия мерейiн асқақтата түсті!
01
июнь
2022

152 мектеп - гимназияның дарынды ұстазы мен талапты оқушысының ҚР Президентi Қасым - Жомарт Тоқаевпен арнайы кездесуге шақыртылуы мектеп - гимназия мерейiн асқақтата түсті!

152 мектеп - гимназияның  дарынды ұстазы мен талапты оқушысының  ҚР Президентi  Қасым -  Жомарт Тоқаевпен арнайы кездесуге шақыртылуы мектеп - гимназия мерейiн асқақтата түсті!  "Балалар жылы" қарсаңында  "1 маусым - Балаларды қорғау күні" мерекесіне арнайы балаларды құттықтауға  келген еліміздің Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев пен  ҚР Білім және ғылым министрі А. К.Аймағамбетовпен  кездесуге  "Алматы БАЛАFEST" фестивалі аясында өткізілген "IT - Хакатон" байқауының II орын иегері, 5- сынып оқушысын бағыттаған өнертапқыш, шебер ұстаз Ахметов Бегалы Тоқбергенұлы  шәкiртiмен  және  дарындардың жан - жақты ұшталуына мүмкіндік жасап отырған  тәжірибелi ұстаз,  педагог - шебер, мектеп - гимназия директоры Абдикаримова  Рима Сабржановна  арнайы шақыртылды.  Робототехниканы дамыту, оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы, робот жасау икемділігi жоғары оқушыларды ынталандыра отырып,  тамаша жетістіктерге жеткiзе бiлген Бегалы Тоқбергенұлы мен жас дарын, талапты оқушы Қызайбек Омарға және баласының жан - жақты шыңдалуына ықпал жасап отырған ата - анасына үлкен алғысымызды білдіреміз!   Шығармашыл, креативті ұстаз - Бегалы Ахметов әлі де талай жастарды жаңа идеяларымен жарқыратып, жаңа бастамаларға бастайтынына сенiмiмiз зор! Мектеп - гимназия мерейiн асқақтатып жүрген Бегалы ұстазымыздай көшбасшы  мұғалімдер мен талапты, дарынды оқушыларымыздың қатары толықсын!  Киелі бiлiм шаңырағымыз - мектеп - гимназиямыздың мәртебесі артып, жетicтiгiмен Қазақстан мектептері арасынан жұлдызы жарқырай берсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: