152 мектеп - гимназияда өткен республикалық семинар. » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 152 мектеп - гимназияда өткен республикалық семинар.
07
июнь
2022

152 мектеп - гимназияда өткен республикалық семинар.

152 мектеп - гимназияда өткен республикалық семинар.  Алматы  қаласы  Алатау  ауданы  №152  мектеп – гимназиясында "Балалар жылы" қарсаңына орай 1 маусым күні  «Мектеп - гимназиядағы  оқу - тәрбие процесінің сапасын көтеру және білім алушылардың, тәрбие үдерісін басқарудың заманауи амалдары, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту жолдары»  тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері педагог- зерттеушілерiнiңреспубликалық семинары өтті. Семинар қонақтары 
"Өрлеу" біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы "АҚ филиалы, Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми- педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты "Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар" кафедрасының аға оқытушысы
 Ф. С. Нарсейтованың тобындағы еліміздің әр түкпірінен келген ұстаздар мен аудан мектептерiнен келген әріптестер.  Семинар барысында;
қазақ  тілінен
«Мақал-мәтел, жаңылтпаш, ермегіміз жалықпас» тақырыбымен жазғы мектеп жобасы  аясында             спикерлер бастауыш сынып мұғалімдері  Башақова М. Құрақбаева И.  Азербаева Г. жұмыстары мен сабақтағы ic- тәжірибелерiмен бөліссе,
«Сақ  жүрсең — нақ   жүрерсің»  жазғы  демалыс  кезіндегі  қауіпсіздік шаралары бойынша  спикерлер,  бастауыш сынып мұғалімдері:   Рахметоллаева Б. Мұса Ж., Тоқтар И. тәжірибелерi таныстырылды.
«Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында "Бастауыш сынып оқушыларының көркем әдебиеттерді  оқуға қызығушылығын арттыру жолдары" тақырыбында тәжірибе бөліскен  спикерлер, бастауыш сынып мұғалімдері: Сағындықова Қ. Дәуренбекова Г., Елубаева Д. кiтапханамен байланыс жұмыстарымен қатар оқушыларды  кiтап оқуға ынталандыру әрекеттері көрсетiлдi. Мектепiшiлiк "Жас Фараби" оқушылар ғылыми кеңесінің  жұмысы бойынша "Дарынды оқушылармен  жүргізілген нақты жұмыс нәтижелерi» бойынша  спикер Жақыпбекова Н.А. республикалық, халықаралық жеңiмпаз  оқушылар жұмысын көрсетсе,  «Мектеп- гимназиядағы  оқу - тәрбие процесінің сапасын көтеру мен  бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту жолдары» тақырыбында "Дөңгелек үстел" кезiнде спикер, бастауыш сынып оқу - iciнiң орынбасары, педагог - зерттеушi Акылбекова Н.А. ұйымдастыруымен танымдық- әдicтемелiк сұхбат өткізiлді. Семинар қонақтары мектеп жанындағы "Балауса"  жазғы сауықтыру лагерінің жұмысымен жауапты оқу ici орынбасары Тәжiбаева С.Т. таныстырды. Лагердің ашылуына қатысып, 1 маусым балалар күніне арналған  мерекелік шараны, мектеп бассейнiндегi  жас спортшалар сергiту сәтiн, дарынды, өнерлі оқушылар еңбегін көрiп, тамашалады. Оқу ici орынбасары, педагог - психолог,  Нусипова Г.К. ұйымдастыруымен "Шарларда сөйлейді" керi байланысы арқылы  әр оқушыдан алынған шар бойынша оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, бастауыш сыныптың педагог-зерттеуші мұғалімдерiнiң еңбегі мен мектеп - гимназия директоры Р.С.Абдикаримоваға,  мектеп әкімшілік мүшелерінің ұйымшылдықпен бiрлескен көшбасшылық жұмыстарына ризашылықтарын айтып, семинардың керемет ауызбiршiлiкпен жоғары деңгейде өткенін  ерекше атап өтті. Мектеп - гимназияның әрбір жұмысы бала болашағы үшін арналады, мектеп мерейi асқақтай берсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: