Алматы қаласы Алатау ауданы № 152 мектеп-гимназиясында «Қош келдің, әз-Наурыз» атты іс-шара өтті. » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алматы қаласы Алатау ауданы № 152 мектеп-гимназиясында «Қош келдің, әз-Наурыз» атты іс-шара өтті.
21
март
2022

Алматы қаласы Алатау ауданы № 152 мектеп-гимназиясында «Қош келдің, әз-Наурыз» атты іс-шара өтті.

Наурыз мейрамы— ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Күн мен түннің теңесуі, Қазақтың жаңа жылы болып табылады. Осы орайда ежелден келе жатқан Наурыз мерекесінің тойлануын, қазақтың салт-дәстүрін оқушыларға сезіндіру, есте сақтау және оларды да шығармашылыққа баулу және өнерге жақындату мақсатында 18-ші наурыз күні 13:30 да «Қош келдің, әз-Наурыз» атты іс-шара өтті. 
Кіре берісте әсем қыздар ұлттық көйлекпен тұрып, келушілерді қарсы алып, оларға бауырсақ ұсынып тұрды.
Түрлі-түсті киім киген мерекелік көтеріңкі көңіл-күй музыкалық көрініспен басталды. Бір көрініс арқылы 7«В», 7«Г», 7«Д» сынып оқушылары бізге Наурыз мейрамының тойлану барысын көрсетіп берді. Онда көже пісірген әжелер, бауырсақ тасыған келіндер, думан жасап, ән шырқаған әншілер мен күйшілер, тайқазан көтерген жас жігіттер, күлкісі жарқылдап ойнап жүрген бал-бөбектер, татулыққа, достыққа шақырған бауырлар мен текемет төсеп, шаңын қаққан қыз-келіншектер, батасын берген Қыдыр ата да Наурыз қарсаңындаға керемет көңіл-күйді бізге жеткізіп берді. Одан әрі Қара жорға, Қамажай ұлттық билері биленді, өлең оқылып, бата алынды. 
Сүт, бұлақ суы, дән, ұн, тұз, май және ет сияқты жеті құрамдас бөліктен тұратын Наурыз көже мен ұлттық тағамдардан мерекелік дастархан жасалды. 
Мерекелік шараны сынып жетекшілері Томанова Махаббат, Ерболатқызы Арай және Әнішбек Айнұр жоғары деңгейде ұйымдастырған.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: