30
октябрь
2024
Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп-гимназиясы бойынша 2024жылдың 29 қазан қамқоршы күніне арналған іс-шарның есебі.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «Балалардың құқықтарын қорғау» комитетінің 2014 жылдың 16 қыркүйектегі бұйрығымен 29 қазан «Қамқоршы күні» мерекесі болып жарияланды. Осы мерекеге орай Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 29 қазан қамқоршы ата-ана күніне арналған үлкен мерекелік іс шара өтті. Мерекелік іс-шараға Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Қ.Ақмұрзаева, Алатау ауданы Аманат партиясының төрайымы Ж. Алдамбергенова, сондай-ақ осы партияның саяси кеңес мүшесі Е. Бииков ізгі тілектерімен, алғыс хаттарымен сыйлықтарын табыстады. Алатау ауданы Бақытты отбасы әлеуметтік орталығының басшысы А. Басирова және Қамқор ана-қиын жағдайда қалған отбасыларды, қолдайтын әлеуметтік орталығының басшысы А. Букаева өздерінің ізгі ниеттерін алғыс сезімдерін білдірді. Адамдық жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдылық бойларынан табылып, осынау балаларымызға қамқорлық көрсетіп, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік,қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді сіңіріп, тәрбие беріп отырған әр қамқоршыға алғыс айтылып құрмет көрсетілді.