152 МГ: Мектеп - гимназия оқушылары Отанын сүйетін нағыз патриоттар! » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 152 МГ: Мектеп - гимназия оқушылары Отанын сүйетін нағыз патриоттар!
22
сентябрь
2022

152 МГ: Мектеп - гимназия оқушылары Отанын сүйетін нағыз патриоттар!

152 МГ: Мектеп - гимназия оқушылары  Отанын сүйетін нағыз патриоттар!  Алатау аудандық Бiлiм бөлiмiнiң  ұйымдастыруымен Алматы қаласы Бiлiм басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының дәстүрлі жас тарихшылардың  "Менің шағын Отаным" атты конкурсы өтті. Мектеп - гимназиямыздан 9-10 сынып оқушыларынан құралған мектеп командасы  қатысып, зерек ой,  алғыр бiлiм, шығармашылық икемділіктерін танытты.  Конкурс қорытындысы бойынша 10 "А" сынып оқушысы Баубек Еңлік (жетекшісі: Абиева Р.С. - тәжiрибелi ұстаз) пен 10 "В" сынып оқушысы Серікбай Акниет (жетекшісі: Мәргезова А.Е.- жас маман) қатысып, жүлделі 3-орын иегерлері атанды. Додада алғырлық танытқан жас патриоттарымыз бен көшбасшы жетекшілерге айтар алғысымыз зор! Бұл табанды еңбек пен ынтымақтастықта бiрлескен жұмыстың нәтижесі. Болашақта да қоғамдық - гуманитарлық пәндер әдістемелік кафедрасының ұстаздары мен жас тарихшыларымыз мектеп - гимназия мерейiн асқақтатуға бұданда жоғары үлес қосады деген сенімдеміз! Жас келсе іске деген  кафедра жетекшісi Сейтжан Кантбекұлының басшылық, ұйымдастырушылық жұмысындағы алғашқы қадамы нәтижелi болды, болашақта да қазақстандық патриотизмдi берiк ұстанған жас буынды қалыптастыруда атқарылатын жұмыстардан үлкен жетicтiк күтеміз! Icке сәт!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: