24
август
2023
"Мектепке жол" Республикалық акциясы
Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! ✅.Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке баланың келмеуінің алдын алу мақсатында ағымдағы 2023-2024 оқу жылына "Жақсылықты жаса!" ұранымен "Мектепке жол" Республикалық акциясының 01.08.-30.09.2023ж аралығында өтетіндігін хабарлайды. .✅Акцияның мақсаты: әлеуметтік осал топтан шыққан отбасы оқушыларына, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, оқу жылының басталуына материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша оқушының мектепке келмеуінің алдын алу. ✅Қосымша ақпарат мектептің ресми сайты мен жедел желілер арқылы білуге болады. Алматы қаласы Ұлжан-1 ықшам ауданы Қ.Жалайыри 84 көшесінде орналасқан №152 мектеп-гимназиясы, байланыс телефоны: 87781647978 Әлеуметтік педагог Абдрешова Г.Б ✅ Ертеңгі ұрпағымыздың болашағы жарқын болсын десек, бір-бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық ағайын!