«Ыбырай-балалар әдебиетінің атасы» атты Ыбырай оқулары » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ыбырай-балалар әдебиетінің атасы» атты Ыбырай оқулары
27
февраль
2021

«Ыбырай-балалар әдебиетінің атасы» атты Ыбырай оқулары

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай 26 ақпан күні Алматы қаласы Алатау аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Ыбырай-балалар әдебиетінің атасы" атты Ыбырай оқулары болып өтті. 2-4 сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын арттыра отырып, табиғи дарын иелерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған мәнерлеп оқу сайысында 152 - мектеп гимназиясының  4 сынып оқушысы Қойшыбай Нұржан зеректігімен ерекшеленіп  II орынды иеленді. Қатысушылар келген қонақтарды Ыбырай атамыздың өлеңдерімен сусындатып, жүректеріне нұр сыйлай білді. Мектебіміздің мерейін үстем етіп, бүгінгі жетістігіміз үшін аянбай тер төгіп, еңбек еткен  қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Елеусіз Жанарға алғысымызды білдіреміз!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: