152 мектеп - гимназия өз жаңалықтарымен бөліседі. Мектепiшiлiк "Шыңдалу мектебі" ҒӘК жетекшiлiгiмен ағылшын тілі мұғалімдері әдicтемелiк бірлестігінің онкүндік іс-шарасы жоспарлы түрде өткізілуде. » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 152 мектеп - гимназия өз жаңалықтарымен бөліседі. Мектепiшiлiк "Шыңдалу мектебі" ҒӘК жетекшiлiгiмен ағылшын тілі мұғалімдері әдicтемелiк бірлестігінің онкүндік іс-шарасы жоспарлы түрде өткізілуде.
22
ноябрь
2022

152 мектеп - гимназия өз жаңалықтарымен бөліседі. Мектепiшiлiк "Шыңдалу мектебі" ҒӘК жетекшiлiгiмен ағылшын тілі мұғалімдері әдicтемелiк бірлестігінің онкүндік іс-шарасы жоспарлы түрде өткізілуде.

152 мектеп - гимназия өз жаңалықтарымен бөліседі.  Мектепiшiлiк "Шыңдалу мектебі" ҒӘК жетекшiлiгiмен ағылшын тілі мұғалімдері әдicтемелiк бірлестігінің онкүндік іс-шарасы жоспарлы түрде өткізілуде.  25 - қараша күні мектеп кiтапханасында  ағылшын тілі пәні мұғалімдері Куртыбаева Шырын Тастанбекқызы мен Бакитова Жанар Тұрсынқызының көшбасшылығымен "How to engage students in reading? " тақырыбында семинар - тренинг өткізілді. Мектеппен байланыста жұмыс жасап, ғылыми - әдicтемелiк бағытта тәжірибе алмасу мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен шақырылған 
PhD докторанты, магистр, аға оқытушы Даниярова Гульмира Далелханқызы мен магистр,  оқытушы Бақтияр Аружан Нұрбақытқызының "болашақ мектеп" жобасы мен  оқуға ынталандыру бойынша жасаған
таныстырылымдары мен еркiн сұхбатқа түсiп, пiкiрлесуi  оқушылар мен мұғалімдерді ынталандыра түсті.   "Оқуға құштар" жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған ic- шарада   оқушыларды оқуға тарту үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдалануға болатындығы туралы  жаңа ақпараттармен ой бөлісу icке асырылды.  Тренингке  қатысқан  оқушылар   кітапхана мәдениетін сақтау,  өз қатарластарының  кiтап оқуға қызығушылығын арттырудағы өз ойларымен бөлісумен қатар, оқыған кітаптары бойынша қысқаша мағлұмат беріп өтті.  Кері байланыс кезінде мектеп әкімшілігі, қатысушы  мұғалімдер  мен оқушылар көп тiл бiлуге шақыра отырып, оқуға құштар ортаны қалыптастыруда өз ойларымен бөліскен  университет мамандары мен осы семинар - тренингтi ұйымдастырушы мұғалімдерге ризашылықтарын білдірiп, еңбектеріне табыс тіледі. Талапты оқушылар мен  өз мамандығының шығармашыл ұстаздарының бiрлескен натижелi жұмыстарымен  мектеп - гимназия мерейi арта берсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: