152 мектеп - гимназиядан ҚР Президентi Қасым - Жомарт Тоқаевпен жүздескен дарынды оқушымыз бен ұстазымызды мақтан етеміз! » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 152 мектеп - гимназиядан ҚР Президентi Қасым - Жомарт Тоқаевпен жүздескен дарынды оқушымыз бен ұстазымызды мақтан етеміз!
02
июнь
2022

152 мектеп - гимназиядан ҚР Президентi Қасым - Жомарт Тоқаевпен жүздескен дарынды оқушымыз бен ұстазымызды мақтан етеміз!

152 мектеп - гимназиядан ҚР Президентi  Қасым -  Жомарт Тоқаевпен жүздескен дарынды оқушымыз бен ұстазымызды мақтан етеміз!  "Балалар жылы" қарсаңында "1 маусым - Балаларды қорғау күні" мерекесіне орай "Алматы БалаFEST" фестивалі аясында өткізілген қалалық  "Өнерлі бала" қолөнер байқауының ІІ орын иегері  2 "Д" сынып оқушысы  Алмат Бақдәулет  ҚР Президентімен өтiлген кездесуге  шақырылды. Мектеп - гимназия  директоры Абдикаримова Рима Сабржановна және
сынып жетекшісі Кенесова Жанна Жаксылыковнамен бiрге барған Бағдаулет  балаларды құттықтауға  келген еліміздің Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев пен  ҚР Білім және ғылым министрі А. К.Аймағамбетовты көрiп,  қатты қуанды. Оқушы мен ұстаз алған әсерлері бойынша:   " Ел Президентiмен кездесу, Бiлiм министрiмен жүздесуден ерекше  мақтаныш сезiмi ұяласа,  "Славян базары" фестивалі лауреаты  Ержан Максим, әншілерден  өнер көрсеткен Әли Окапов және Нұржан Керменбаевтi  көрiп әсерлендiк, ал басқа мектептің  қабiлеттi оқушылары дайындаған  қолөнер көрмелерiн  тамашалап, келесі осындай байқауларға жаңа идеялармен келуге шабыт алып қайттық" - дейді Бағдәулет пен ұстазы Жанна Жаксылыққызы. Жас дарынның ынтасы мен ұстаздың  талабы үйлескен жұмыс нәтижесі жемicтi болатыны анық. Мектеп - гимназия мерейiн асқақтатуға қосқан үлестері үшін Бақдәулет пен Жанна Жақсылыққызына ризашылығымызды бiлдiремiз! Бiрлескен еңбектері жарқырай берсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: