№152 мектеп-гимназиясының 3 "А" сыныбында ағылшын тілі пәнінен Томанова Махаббат 14-ші ақпан күні ашық сабағын өткізді. » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №152 мектеп-гимназиясының 3 "А" сыныбында ағылшын тілі пәнінен Томанова Махаббат 14-ші ақпан күні ашық сабағын өткізді.
17
февраль
2022

№152 мектеп-гимназиясының 3 "А" сыныбында ағылшын тілі пәнінен Томанова Махаббат 14-ші ақпан күні ашық сабағын өткізді.

№152 мектеп-гимназиясының 3 "А" сыныбында ағылшын тілі пәнінен Томанова Махаббат 14-ші ақпан күні ашық сабағын өткізді.
Сабақтың тақырыбы: 'Exploring space'. 
Сабақтың мақсаты: тақырыпқа байланысты мәліметті түсіну, жаңа сөздермен танысу және қойылған сұрақтарға жеке немесе топпен жауап бере алу. Аспан әлемі мен ғарыштағы ғаламшарлармен танысу. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ретін және атын үйрену. 
Сабақта оқушылар ғарыш тақырыбына байланысты жаңа сөздермен танысып, интерактивті тақта арқылы әнімен видеосын көре отырып, ғаламшарлардың әрқайсысының ағылшын тілінде дұрыс аталуын үйреніп, олардың пішіні мен көлемі және ерекшеліктері жайында мәлімет алды. Сабақты бекіту мақсатында 3 топқа бөлініп, Күн жүйесіндегі ғаламшарларды ретімен суретін салып, аттарын жазу тапсырылды. 3-ші ‘Earth’ тобы алғашқы болып аяқтады. Сабақ барысында қолданылған әдістер: миға шабуыл,  геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу әдісі және заманауи құрылғылар пайдаланылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: