27
сентябрь
2022
152 мектеп - гимназияның оқушылары кез келген бiлiм, ғылым бәсекелерiнде алғырлықтарымен ерекшеленеді!
152 мектеп - гимназияның оқушылары кез келген бiлiм, ғылым бәсекелерiнде алғырлықтарымен ерекшеленеді! "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мен балалар жылы аясында А. Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толу мерейтойына орай 15.09 күні 9 "А", "Д", "Ә, Ж" сыныптары арасында мектепiшiлiк " ТОҒЫЗ ТОСҚАУЫЛ" атты танымдық - интеллектуалдық ойын өтті. Интеллектуалды танымдық ойын: " Жаңғырық", " Жыр - дария"," Сөз асылы" , Өнеге", " Жәдігер", " Мақал - сөздің мәйегі", " Шамшырақ", " Мирас", " Сарын" атты 9 кезең бойынша ұйымдастырылды. Оқушылардың сөз мәйегі мақал - мәтел мен тұрақты тіркестерді өте шебер қолдана білгендерінен ана тіліне деген ерекше құрметтерін аңғаруға болады. Ұлт зиялылары мен қазақтың көне жәдігерлері, " Алтын қордағы" қазақ кинолары бойынша шығармашылық ізденістерінен нағыз ұлтжанды, ізденімпаз, білімге құштар , білім бәсекесіне қабілетті оқушылар екенін көрсетті. Ойын барысында командалар арасында шығармашылық шыңдалу мен достық қарым- қатынас арта түсті.
Интеллектуалды ойын қорытындысы бойынша 9" А сыныбы 1- орын алып, жеңіс тұғырынан көрініп, аудандық байқауға жолдама алды. Аудандық сайысқа қатысқан мектеп командасы 9 "Д" сынып оқушылары: Көпесбай Алмас, Рыскалиева Алина, Шахирбай Н. 9 "А" сынып оқушылары: Битебаева Аяулым, Нұрлан Кәусар, Асхатқызы Ұлжан, Болатбекқызы Ақнұр, Алдат Нұрхан, Әділ Аружан, Сұртай Жан, Зауатбек Рамазан, Сембаев Мирас. 9 "Ж" сынып оқушылары: Нүсіпхан Айқын, Ермұқанбет Әмина, Ергешова Ақбота, Дүйсенбек Аружан оқушыларымыз жеңіс тұғырынан көрініп, 2 - орынды иеленіп қайтты. Жарайсыңдар! " Ел ертеңі - білімді ұрпақ қолында" деп сендерге зор сенім артамыз. Ұлттық құндылықтардың жойылу қаупі төніп тұрған жаһандану заманында мұндай байқаулардың берері мол. Тоғыз тосқауылды жарып шығып, жарқырап көріне бiлген жас жеткіншектердi ұйымдастырып, бағыттай бiлген жетекшілері Оспанова А.А., Жакаева Г. Сүлейменова Ф.Н. шығармашылық табыс, жас дарындарға жарқын болашақ тiлеймiз! Мектеп- гимназия мерейiн асқақтатуда қосар үлестерiңiз жемicтi бола берсін!