Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№152 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Құстарға үй сыйлайық» сайысы
08
апрель
2026
«Құстарға үй сыйлайық» сайысы
Жаратылыстану апталығы аясында ұйымдастырылған «Құстарға үй сыйлайық» сайысы жоғары деңгейде өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, құстарға қамқорлық көрсетуге баулу және экологиялық мәдениетін қалыптастыру болды.  Сайыс барысында оқушылар өз қолдарымен жасаған құс ұяларын таныстырып, шығармашылық қабілеттерін, шеберліктерін және жауапкершіліктерін көрсетті. Қатысушылардың жұмыстары бір-бірінен ерекше, эстетикалық талғаммен және табиғи
«ТҰЛҒА БОЛАМ» мектепішілік кітап оқу марафонының шығармашылық кезеңі өтті
02
апрель
2026
«ТҰЛҒА БОЛАМ» мектепішілік кітап оқу марафонының шығармашылық кезеңі
01.04.2026 ж күні ✓152 мектеп-гимназияда «ТҰЛҒА БОЛАМ» мектепішілік кітап оқу марафонының шығармашылық кезеңі өтті. Шығармашылық кезеңде тесттен жоғары ұпай алған 18 оқушы 1.2.3-орындар бойынша бақ сынады. Марафоншылар бұл кезеңде эссе жазу немесе сурет бағыттарының бірін таңдап, шығармашылық жұмыс жасады. Оқушылардың жұмыстарын мектептің зерттеуші санатындағы ұстаздары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі РАЙС Марта, және көркем еңбек пәнінің Машаева Зинур бағалады. Қатысушылардың орындары
«Менің Шаңырағым» атты жас суретшілер байқауы
19
март
2026
«Менің Шаңырағым» атты жас суретшілер байқауы
Наурызнама онкүндігінің аясында, «Шаңырақ күніне» орай №152 мектеп-гимназиясында «Менің Шаңырағым» атты жас суретшілер байқауы өтті. Шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, шаңырақтың киесін ұғындыру және оқушылардың шығармашылық әлеуетін шыңдау. Байқау барысында оқушылар өз туындылары арқылы жылылық пен берекенің символы болған қасиетті шаңырақты, қазақ үйдің сәулетін және туған үйіне деген махаббатын шебер жеткізе білді.
Ұлттық киім – мәдени мұра!
18
март
2026
Ұлттық киім – мәдени мұра!
Бүгін мектебімізде Ұлттық киім күні аталып өтті.  Қазақтың ұлттық киімі – халқымыздың мәдениеті мен тарихының көрінісі.  Ұлттық киім киіп, салт-дәстүрімізді құрметтеп, ерекше көңіл күйде өткіздік.  Ұлттық киім – мәдени мұра! 
«Күй күмбірі» атты қалалық домбырашылар челленджі
18
март
2026
«Күй күмбірі» атты қалалық домбырашылар челленджі
Наурыз мейрамы қарсаңында «Күй күмбірі» атты қалалық домбырашылар челленджі өтті.  Аталған мәдени шараға №152 мектеп-гимназияның өнерпаз оқушылары белсенді атсалысты. Мектебімізден барлығы 80 оқушы қатысып, қазақтың қасиетті қара домбырасымен күмбірлетіп күй ойнады 
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Армысың, әз Наурыз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді
18
март
2026
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Армысың, әз Наурыз» атты
6 «А» сыныбында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Армысың, әз Наурыз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру болды. Концерт барысында оқушылар Наурыз мерекесінің мән-мағынасы туралы айтты. Әсем әндер орындалып, ұлттық билер биленді, мерекеге арналған өлең-жырлар оқылды. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлерінің бірі –
14 наурыз – Көрісу күні 🤝
16
март
2026
14 наурыз – Көрісу күні 🤝
14 наурыз – Көрісу күні 🤝  Бұл күн – халқымыздың ежелден келе жатқан ерекше дәстүрлерінің бірі. Көрісу күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандасып, өткен реніштерді ұмытып, ізгі тілектер айтады. Бұл мереке сыйластықты, татулықты және бірлікті дәріптейді.  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің бастауы саналатын бұл күн әр шаңыраққа береке, бірлік пен қуаныш әкелсін!
«Тұлға болам» мектепішілік кітап оқу марафоны аяқталды.
05
март
2026
«Тұлға болам» мектепішілік кітап оқу марафоны аяқталды.
Кітап оқу марафонына қатысушы оқушылар назарына!  «Тұлға болам» мектепішілік кітап оқу марафоны 05 наурыз күні аяқталды.  Тесттен жоғары ұпай жинаған қатысушылар шығармашылық кезеңге қатысады.  Сәттілік тілейміз!  «Балалар кітапханасы» жобасының жетекшісі Байдуллаева А. Е
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Алғыс айту күнінде 9 «Ә» сыныбы ұстаздарына жылы лебізін білдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
02
март
2026
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Алғыс айту күнінде 9 «Ә»
9 “Ә” сынып жетекшісі: Аятова М.Н. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Алғыс айту күнінде 9 «Ә» сыныбы ұстаздарына жылы лебізін білдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл құттықтау – шәкірттердің жүректен шыққан алғысы мен құрметінің айғағы. Осындай шынайы ықылас пен ізгі ниет ұстаз бен оқушы арасындағы сыйластықты одан әрі нығайта берсін.
№152 мектеп-гимназиясында “Даналық” мектебі аясында дәстүрге айналған ІІІ Әкелер форумы өтті
25
февраль
2026
№152 мектеп-гимназиясында “Даналық” мектебі аясында дәстүрге айналған
Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп-гимназиясында “Даналық” мектебі аясында дәстүрге айналған ІІІ Әкелер форумы өтті.  Форумға арнайы қонақ ретінде айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан қатысты. Қонақтарымыз әкенің отбасындағы орны, ұлттық тәрбие, ұрпақ болашағы туралы жүрекке жетер әсерлі ойларын ортаға салып, оқушылар мен ата-аналарға рухани серпіліс сыйлады. Форумның мақсаты – әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту,
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 44 Вперед