Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№152 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала – біздің гүліміз» ашық есік күні
14
май
2025

«Бала – біздің гүліміз» ашық есік күні

Алматы қаласы Алатау ауданы №152 МГ ұжымының   инклюзия  кабинеті, мектебімізде  «ерекше  білім  беруді  қажет  ететін»   балалардың  ата-аналарына арнап ашық есік күнін өткізді.  Мақсаты: ата-аналармен «Бала – біздің гүліміз» тақырыбына  тренинг  жүргізіп, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық қолдау көрсету, бірлесе жұмыс жүргізудің маңыздылығын түсіндіру, балаға сенімді орта қалыптастыруға бағыттау,  ойларында жүрген және оқушыға   қандай қолдаулар қажет екенін білу. Ашық есік   тренинг түрінде өтіліп,  ең  алдымен - сәлемдесу, таныстыру жаттығуы  жасалып,  «Гүл шоғын сыйлаймын» ойыны арқылы – әр ата-ана өз баласын гүлге теңеп, не үшін екенін айтты. Миға  шабуыл жасау  арқылы   «Менің балам қандай?» –деген  сұраққа   ата-аналар баласының жақсы қасиеттерін атады.  «Мейірімді жүрек»  жаттығуында  – жүрек макетіне жылы сөздер жазып, ортаға жапсыру арқылы ұстаздарға  алғыс,  балаларға тілек жазды. Мектеп психологы  Мөлдір Ермековна     «Қиын жағдайдан шығу жолы» – түрлі қиын жағдайларға байланысты шешімді  қалай  табамыз атты  сауалнама жасады.   «Көз алдыңа елестет» – тыныш әуенмен позитивті образда  балаңыздың  болашағын  елестетіңіз деген  ой  қозғау, релаксация   жасап,  «Бала – өмірдің мәні» атты ата-аналар  пікір білдірді. Тренинг  барысында  жыл  көлемінде  атқарылған жұмыстар - оқу дағдыларын  жетілдіру,  математикалық түсініктерін  қалыптастыру,  диктант жазу, суреттердің айырмашылығын табу, тиісті түстерге бояу, оқу  жылдамдығын анықтау,  әріптерді тану және оқу дағдыларының меңгерілу деңгейі туралы толықтай    есеп  беріліп,  таныстырып    жазғы  каникулға   арналған   тапсырмаларды  ұсынды.  Балалардың көңіл-күйін көтеру, логикалық ойлауын, ой-өрісін дамыту, қарым- қатынастарын нығайту, ынтымақты болуға баулу мақсатында жүргізілген  топтық,  жұптық  жұмыстар  мен  сабақтар туралы  бейне  баян  көрсетіліп,  әр  пәннен  алынған  ТЖБ  мен  БЖБ  жұмыстарының  нәтижелерін,  пән  мұғалімдерінің  берген  көмектерін,  кездескен  қиыншылықтары  туралы айтылды.  Қорытынды сөзде  тренингтің маңыздылығы мен ата-аналардың белсенділігіне ризашылық білдірген  мектеп директоры  А.С.Жакипова,  ата-аналарға  арналған  қолдау шараларын ұйымдастырып  отырған  оқу ісі  орынбасары Нұржан  Әсетқызына және  арнайы  мамандарға келесі  оқу  жылына  оқушылардың  қызығушылығын  арттырып,  таным деңгейін  жетілдіруге  арналған   жұмыстар жүргізудің  тиімді жолдарын  іздеуге арнайы  тапсырма  беріп,  ата-аналар  мен  ұжымға  алғыс  білдірді. Ата-аналар  тарапынан  М.Әлдибекова мен Н.Байболлаева логопед Н.Шамильеваға,  арнайы  маман  М.Қоңыртаеваға,  педагог  - ассистенттер Г.Рысмендиева  мен Д.Қалғанбаеваға рахмет  айтты.  «Әрбір бала  бір  жұлдыз» оны  жарқыратып қатардан  қалдырмай  өсіріп жетілдіру  ата-ана  мен  ұстаздардың  басты  мақсаты.
Мұғалімдер бөліскен тәжірибелер


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: