26
декабрь
2025
26.12.2025ж күні №152 мектеп-гимназияда «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Жылдың үздік оқырманы» бенефисі өткізілді.
26.12.2025ж күні №152 мектеп-гимназияда «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Жылдың үздік оқырманы» бенефисі өткізілді. Бенефис кейіпкерлері—мектеп абыройын қалалық, республикалық деңгейдегі жарыстарда асқақтатып жүрген шәкірттеріміз Джалгасбекова Айару, Шәміл Ұлжан, Отар Жания, Кожаева Феруза. Іс-шара бенефициарлардың сүйікті шығармалары туралы ой бөлісуінен бастау алып, сұхбатқа ұласты. Сұхбат барысында кітап оқуға машықтану, сүйікті жанрды таңдай білу, кітапты театрмен байланыстыра оқу секілді жас жеткіншектерге кеңестер айтылды. Кітап оқу адамның сыни көзқарасын қалыптастырып, дүниетанымын кеңейтіп, сөздік қорын молайтуға зор үлес қосатынына тоқталды. Бенефис иелері өздерін кітап оқуға баулыған ата-аналары мен ұстаздары Далбаева Атен Үрістембекқызына, Оспанова Ақбота Ахметжанқызына алғыстарын білдірді. Бенефис соңында оқушылар мектеп директорының Алғыс хатымен, кітаптармен марапатталды.
«Балалар кітапханасы» жобасының жетекшісі Байдуллаева А. Е

«Балалар кітапханасы» жобасының жетекшісі Байдуллаева А. Е
