09
декабрь
2025
Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп-гимназиясында «Мен көшбасшымын!» тақырыбында аудандық мектеп парламенттері көшбасшыларының слеті өтті.
Слеттің мақсаты:
– Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту арқылы отаншылдық сана-сезімін арттыру;
– Әділ әрі жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
– Бірлік пен ынтымақтастық атмосферасын нығайту;
– Құқықтық мәдениетті көтеру;
– Еңбекқорлық пен кәсіби бағдарға ұмтылысын дамыту;
– Шығармашылық пен жаңашыл бастамаларды қолдау;
– Тәуелсіздік пен ұлттық рухты тәрбиелеуге ықпал ету.
Іс-шара барысында Алатау ауданы Білім бөлімінің әдіскері Жумадилова Ляззат Көлбаевна слеттің мақсат-міндеттерімен таныстырып, жоба мазмұнына қойылатын талаптар туралы нақты түсіндіру жұмысын жүргізді. Қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қазылар алқасының шешімімен қалалық кезеңге жолдама алған мектептер:
№184, 156, 152, 160, 169, 185, 201, 205, 209, 217, 218, 154.
Көшбасшы болу – бұл жауапкершілік пен сенім!