08
октябрь
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі




Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында қазан айының 1- ші жұлдызында кафедра мүшесі Аманжол Гүлшарбан 7 “З” сыныбына “ Көшпенділердің музыка өнері” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта үй тапсырмасын сұрау мақсатында “Білесің бе?” , топқа бірігу мақсатында “Шаңырақ” сынды әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Бекіту, кері байланыс толық қамтылды. Абай атамыздың бойына жан бітіріп, дәйексөз-өсиетін жасанды интелект арқылы әдемі жеткізе білді. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар оқушыларға жаңа сабақты меңгеруде жақсы ықпал жасады. Гүлшарбан мен оқушылардың бірлесе ұйымдасқан жұмысы сабаққа қатысушы ұстаздарға тамаша көңіл-күй сыйлады!