03
апрель
2026
VIII Абайтану олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.




02.04.2026ж күні Алатау ауданы №152 мектеп—гимназиясында директордың ғылым ісі жөніндегі орынбасары Куртыбаева Шырын Тастанбекқызының ұйымдастырумен жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық VIII Абайтану олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың қалалық кезеңіне 9-11 сыныптар бойынша №152 МГ, №181 ЖББМ, №201 МГ, №213 ЖББМ, №217 ЖББМ мектептерден жалпы саны 6 оқушы жолдама алды. Оқушыларға қалалық кезеңде сәттілік тілейміз!