01
сентябрь
2022
Мектеп- гимназияның жас маманы Бигелдинова Гүлзат Битөреқызы Астана қаласында 16-17 тамыз күндері Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен "Жас ұстаз: табысқа апарар жол" тақырыбымен өткен республикалық Форумға қатысты.
152 мектеп- гимназияның жас мамандары еңбегімен жарқырай берсін! Мектеп- гимназияның жас маманы Бигелдинова Гүлзат Битөреқызы Астана қаласында 16-17 тамыз күндері Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен "Жас ұстаз: табысқа апарар жол" тақырыбымен өткен республикалық Форумға қатысты. Форум бағдарламасы аясында 100 қатысушы жас маман Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, педагог , химия мұғалімi "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ Басқарма Төрайымы Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызымен және қазақстанның танымал тұлғалары, үздік тренерлерімен кездесiп, жүздесіп, тренингтер, педагогикалық батлдар, оқу- танымдық, ic- тәжірибе алаңдары мен жас мамандар өткiзген шеберлік сабақтарына қатысып,, сұрақ - жауаптар берiп, т.б өткiзiлген ic- шаралардан күшті мотивация, тәжірибелік бағыт- бағдар алды. Жастарға ҚР Оқу - ағарту министрі Асхат Аймағамбетовпен "Галстуксыз" кездесу өте ерекше әсер қалдырған. "Жас ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, әңгімелесу барысында туындаған ойларға байланысты берген жауаптарымызды тыңдаған А.Аймағамбетов еркін кездесу болғандықтан, көбіне басынан өткен қиыншылықтары мен осы білім жолындағы қызықты әрі шабыт берер оқиғаларымен бөлісті. Жас ұстаздар бойына керекті салмақтылық, біліктілік пен білімділікті көрсете білді" - дейді жас маман Гүлзат Битөреқызы. Екі күн iшiнде Форум бағдарламасы бойынша таңертеңнен бастап, кешкі сағат 20:00 - 21:00- ге дейін көптеген жаңа бағдарламалар мен цифрлық жүйелермен таныстырылған жастар, үлкен мотивация, инсайт алдық - деп, шабыттануда. Гүлзат өзi қатарлас әр облыс, қаладан келген жас ұстаздардың шеберліктерімен бөлісiп, педагогикалық қызметке деген ынтасының арта түскенін айтты. Форум барысында бұл жобаның 1ші рет өткізіліп отырғанын, болашақта дәстүрлі түрде жылда қолға алынатыны айтылған. Жас мамандар Кембридж университін бітірген тренерлер мен тікелей Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің директорларымен онлайн байланысқа шығып, шетелдік тәжірибелермен танысқан. Гүлзат Битөреқызының Форум туралы: "Бұл "Жас ұстаз: табысқа апарар жол" атты форумнан ұққаным, ұстаздың орнын ешқашан жаңа технология баса алмайды. Себебі, адами құндылықтарды, қасиеттерді тек тұлға бере алатындығын түсіндім. Форум жағымды атмосфера, жаңа идеология, табысты сабақ платформасын көрсете білген ауқымды орта деп айта аламын" - деп, өз ойын бiлдiрдi. Осындай Форумға қатысып, шыңдалу үстінде жүрген талапты әрi табанды жас маман Гүлзат Битөреқызының еңбегіне шығармашылық табыс тілейміз! Алған тәжірибесін мектеп- гимназия әріптестерімен бөлiсiп, оқушыларға бере бiледi және бағдарлама аясында айтылған жаңа идеяларды метебiмiзге енгiзуде көшбасшылық танытады деген сенім артамыз! "Жас келсе, іске" деген, Гүлзат, Өзіңнен педагогикалық креативті iс- әрекеттер күтеміз! Icке сәт!