Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№152 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
сентябрь
2021

Отбасы күні

         №152 мектеп - гимназияның "Елбасы медалi"  Жобасына қатысушы жас мамандарымыз, жас жұбайлар Чабден Жанболат Айдынұлы мен Нұрмолдаева Әлия Болатайқызы жеңімпаз жұп атанды.                                                                                  

"Елбасы Медалі" бағдарламасы аясында "12 қыркүйек - Отбасы күні" атаулы күнiне  орай ұйымдастырылып, өткiзiлген "Спорттық отбасы" іс-шарасына "Жалын"   тобы болып  қатысып, БАС ЖҮЛДЕ иегерлері атанды. Жас отбасы 50 000 теңге сыйақы және марапат қағаздарымен марапатталды. 

3 кезеңнен тұратын (онлайн: 1- кезең - өз отбасы туралы шағын пост жазу, 2-кезең отбасы өмірінен 1 минуттық бейнебаян, оффлайн: 3- кезең - спорттық отбасы сайысы)  отбасылық конкурстан мүдiрмей, озық шыққан жас жұбайлардың  әр - әрекетi отбасыларының  тату, ынтымақты, бiрлiгi мен талаптары ортақ екендігімен ерекшеленiп, көптiң ризашылығына бөленді. 

        Ұстаздық жолды жүректерiмен таңдаған  жалынды жастарымыздың  отбасына береке, кәсіби  icтерiне   сәттілік тілейміз!  Қос ұстаз - жас жұбайлардың  "Елбасы медалi" Жобасындағы көшбасшылық белсендiлiктерi  мектеп мерейiн асқақтатумен қатар, өзге де жастарымызға үлгі боларлық тамаша нәтиже!





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

13 сентябрь 2021 Отбасы күні