Жүз жасаған Жамбыл
№ 152 мектеп – гимназия оқушылар мен педагогикалық қызметкерлердің кез – келген білім, ғылым, спорт, өнер бәсекелерінде көшбасшы болуына ерекше көңіл бөлетіндіктен, еңбектерінің нәтижесі де жарқырап көрінеді.
Тәжірибелі ұстаз Оспанова Ақбота Ахметжанқызының дарынды оқушыны танып, оны шыңдаудағы шеберлігі өте жоғары. Жаңа оқу жылынкөшбасшы маман жаңа нәтижемен бастады. Жыр додаларына дайындап жүрген 8 - сыныптың дарынды оқушысы Аяулым Талеттi жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 толуына орай "Жүз жасаған Жамбыл" тақырыбымен Open Air жобасы аясында ұйымдастырылған тамаша ic- шараға қатыстырып, шыңдап алды.
Ұйымдастырушылар тарапынан оқушыға берiлген Алғыс хат пен бағалы сыйлық ұстаз еңбегіне жасалған тамаша қолдау болса, талантты шәкірттің өз еңбегіне деген ризашылығын бекітіп, қанаттандырды.
"Ұстазы мықтының, ұстанымы мықты " деген сеніммен жас дарын мен тамаша ұстаздан нақты жемicтi, жеңicтi нәтижелер күтеміз!Сәтттiлiк серiктерi болсын!
"Алматы" телеарнасы түсiрген бағдарламадан шәкіртімiздi тамашалау,мектеп мерейiн асқақтата түсетiнi баршамыз үшін қуаныш!
