05
ноябрь
2025
Оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары.
05.11.2025 ж. күні 152 мектеп-гимназиясына Асфендияров атындағы медициналық университеттің арнайы командалық тобы келіп, оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары бойынша тәжірибелік сабақ өткізді.Кездесу барысында кқмандалық топ оқушыларға төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету, зардап шеккен адамға алғашқы көмекті уақтылы және тиімді көрсету, тыныс алу жолдарын ашу, қан кетуді тоқтату, есінен танған адамға жедел көмек көрсету сияқты маңызды дағдыларды көрсетті. Сонымен қатар дәрігерлер алғашқы көмек көрсетудің негізгі кезеңдері туралы дәріс оқып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара оқушылардың өмірлік маңызы бар білім алуына, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Мектеп әкімшілігі Асфандияров атындағы командалық топқа мазмұнды дәріс пен тәжірибелік оқыту өткізгені үшін алғыс білдіреді.