15
апрель
2022
Алатау ауданы №152 мектеп- гимназиясына Ұлжан-2 мөлтек ауданынан Бексұлтан бала бақшасының "Қарлығаш" даярлық тобы мектепке кездесуге келді.
Алатау ауданы №152 мектеп- гимназиясына Ұлжан-2 мөлтек ауданынан Бексұлтан бала бақшасының "Қарлығаш" даярлық тобы мектепке кездесуге келді. Мектеппен танысып, сынып кабинеттерін, кітапхана, бассейн, спорт залда өтіп жатқан сабақтарды және асхананы көріп кетті. Келген қонақтарды 1-сынып оқушылары жыл көлемінде үйренген күнделікті оқу дағдыларымен таныстырып өтті, математика, ана тілі, жаратылыстану, дене шынықтыру, музыка пәндерінен сабақтан үзінділер көрді.Балдырған қонақтар риза болып кетті.