Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚАЗАҚСТАН халқына жолдауы » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚАЗАҚСТАН халқына жолдауы
05
сентябрь
2022

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚАЗАҚСТАН халқына жолдауы

Жолдау — жаңғыру мен жасампаздықтың негізі!
   Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың маңызды шарты. 
Еліміздің Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі жолдауы мұғалімдер қауымы үшін үлкен серпіліс әкелері сөзсіз. Мектептерде өткен алғашқы қоңырау мерекесімен тұспа-тұс келген жолдаудың  қорғасындай салмағы бар. «Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды.
Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады.
Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек». Президенттің осы тапсырмасы арқылы білім саласы үнемі мемлекеттің  қолдауына ие екендігін көреміз. Жыл сайынғы мектепке жасалынып жатқан қамқорлық, бала мен ата-анаға беріліп жатқан көмек те ел басшысының әрдайым назарында.
«Мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету аса маңызды. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру қажет деп санаймын. Мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеген жөн». Биылғы жылы аз қамтылған отбасы балаларына берілген көмек туралы ойдың осы жолдауда көрініс табуы — ел ағаларының шынайы қамқорлығының көрінісі.
Мемлекеттің қандай екендігі ұстаздарына көрсетілген құрметтен білінеді. Ол туралы президент Қ.Тоқаев бүгінгі жолдауда: «Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет» деді. Ал қоғамды өзгертетін, жас ұрпақты тәрбиелеуде игі істер жасайтын ұстаздар екені сөзсіз. Ендеше жыл сайын беделі мен абыройы асқақтап келе жатқан ұлы мамандық иелері, бүгінгі мереке құтты болсын! Президент Жолдауына халықтың қолдауы сай болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: