152 мектеп - гимназияның дүлдүлi! » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 152 мектеп - гимназияның дүлдүлi!
16
февраль
2023

152 мектеп - гимназияның дүлдүлi!

152 мектеп - гимназияның дүлдүлi! Алматы қаласы Алатау аудандық Бiлiм бөлімінің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында Мұқағали Мақатаев оқулары болып өтті. Осы байқаудың “Айтып өткен ақында арман бар ма? ” бөлімі бойынша қатысқан жан - жақты қабiлеттi, дарынды 8 "А" сынып оқушысы Джалгасбекова Айару ақынның 100 өлеңін жаттап, I орын иегері атанды. Өлең оқу шеберлiгiмен қатар, 100 өлеңдi шатастырмай, нақышына келтіре орындаған жас дарын көпшіліктi тамсандырды. Кез келген бәсекеде озық шығатын Айару қалалық жарыстанда қанжығалы оралып, аудан мерейiн көтереді деген сенімдеміз! "Ұстазы мықтының ұстамы - ұстанымы мықты" демекші жас дарынды шабыттандырып, қанаттандырып жүрген шебер ұстаз Далбаева Атен Урустенбековнаның еңбегі орасан! Қос дүлдүлдiң бiрлескен шығармашылық жұмыстарына табыс тiлей отырып, болашақта да талай жеңістер сыйлап, мектеп - гимназия, аудан, қала, республика беделiн асқақтататынына үміт артамыз! Жас талант иесі Айарудың жатқа, нақышына келтіріп оқитын өлеңдер тiзбесi:1. Шеше, сен бақыттысың 2. Шарфыңды бер 3. Махаббат диалогы 4. Өмірімді несіне жек көремін? 5. Шыт көйлек 6. Мен таулықпын 7. Үш бақытым 8. Автограф 9. Өмір деген біреу бар 10. Отан 11. Бақыт деген 12. Ығысыңдар, ей таулар 13. Сонау бір сонау заманда 14. Асығу керек 15. Неткен уайым 16. Кетейікші бір жаққа 17. Туады әлі нағыз ақын 18. Ала көзбен атасың 19. Махаббат бей уақытта табыспайды 20. Егіз жүрсін дегені ме? 21. Жылап келгім келмейді 22. Шаршадым білем 23. Емханада 24. Бір жұлдыз 25. Нені аңсаймын 26. Жаным-ай 27. Мен сені сағынғанда 28. Осылай болған 29. Сені азамат дегенге 30. Бесік басында 31. Сезбейсің ғой, сезбейсің сен мені 32. Қашанғы бұлай өтеміз? 33. Сүюді бақыт дейтіннің бәрі.. 34. Жүрегім менің жанартау 35. Жырласам ба екен? 36. Бұлданба жүрек 37. Саған қарай барады ұшып 38. Ол енді кетті 39. Ғашықпын 40. Қадірлі дос 41. Не десең о де 42. Өмір жайлы 43. Көзің нұрсыз дейсің сен 44. Алаң боп, абыржыған сәттерімде 45. Өмір сүр 46. Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған 47. Несіне мен? 48. Қыздарға 49. Мен болсам.. 50. Махаббат па? 51. Әке 52. Сенбеймін саған. 53. Өкпелеттім 54. Пай-пай өмір 55. Дейтін еду қарт ақын 56. Қара шалғы 55. Шыда 56. Нені аңсаймын? 57. Адасқанда 58. Сүрініп кетпе 59. Өкінбеймін 60. Бір жұлдыз 61. Сен сұрама 62. Баяғы бала кезімде 63. Қызықпа қыз 64. Ей, өмір! 65. Күрсінбеші 66. Арманда, ұлым 67. Айбармен әңгіме 68. Адам маған ұнайды қылығымен 69. Мен өскен лашық 70. Қасым солай болмаса 71. Палата 17 72. Жалаң аяқ 73. Азайып бара жатыр 74. Байқа, қалқам! 75. Дәрігерге 76. Арыз жазып кетейін 76. Бір келіншек 77. Махамбеттер, Абайлар ай 78. Моцарт 79. Қыс келген күні 80. Сәби болғым келеді 81. Өмір деген не десем 82. Маған құрбым кектенбе 83. Қазынам бар 84. Арманың бар ма? 85. Жоқ, дәрігер.. 86. Қап-қара ғажап сиқырлы 87. Бұлқынып жатыр 88. Жастық 89. Сонда да біз 90. Ашу келіп алқымыма тығылды 91. Серіксіз бе едің, құрбыжан? 92. Қасыңда жүрсем 93. Несін?! 94. Өлімнен қорқам 95. Болады деп арманда 96. Өмір маған үйретті жыламауды 97. Біреуге 98. Қызықпа қыз 99. Қиын не бар? 100. Өміріме

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: