152 мектеп - гимназия алғыры алға шықты! » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 152 мектеп - гимназия алғыры алға шықты!
16
февраль
2023

152 мектеп - гимназия алғыры алға шықты!

152 мектеп - гимназия алғыры алға шықты! Алматы қаласы Алатау аудандық Бiлiм бөлімінің ұйымдастыруымен  8-11 сынып оқушылары арасында  өткен Мұқағали Мақатаев оқулары талай дарынның бағын ашты!  Осы байқаудың “Жыр эстафетасы” бөлімі бойынша   қатысқан 8 "Б"  сынып оқушысы  Шәміл Ұлжанның ақынның  “Райымбек,Райымбек”, “Аққулар ұйықтағанда,” ”Алтай-Атырау” поэмаларын  мәнерлi мазмұнымен жатқа айтуы барша көрермендi сүйсіндірдi! Топ жарып I орын иегері атанды!   Қаншама шумақ, қаншама бет, қаншама ойдан тұратын поэманы жаттау , ол - үлкен еңбек! "Талаптыға нұр жауар" - деп  жас дарын -  Ұлжанның жеңiciне ризашылық білдіре отырып, қалалық додаданда   Алатау намысын арқалап, биік нәтижеге қол жеткізеді деген сенімдеміз!  Дарынды даралап, шыңдап жүрген  бiлiктi де бiлiмдi ұстазы - Атен Урустенбековнаға шығармашылық табыстар тiлеймiз!  Ұлжан қатысқан әрбір бәсеке  жеңісті болсын! Мектеп - гимназия дарынды ұстаз- шәкірттерiмен мақтана берсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: