16
август
2024
2024 жылдың 13 тамыз күні №152 мектеп - гимназиясында 2 - 11 сыныптар арасында мемлекеттен АӘК алатын көп балалы және аз қамтылған отбасылардың ата - аналарына жиналыс өткізілді.
Жиналыстың мақсаты: ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 25 қаңтардағы №64 қаулысы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Жиналыста мектеп директорының міндетін атқарушы А.С. Жакипова, әлеуметтік педагогтар Г.Б. Абдрешова мен Л.К. Каймолданова ата- аналарға тегін ыстық тамақтың және қаржылай көмектің кімдерге, қалай берілетіндігі туралы түсіндіріп айтты. ҰБДҚ базасында көмекке мұқтаж отбасылардың 5 санаты бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарына жауап берді.