16
январь
2026
“Жас жұлдыз-2025 жұлдыздар шеруі”







152-мектеп-гимназиясында “Жас жұлдыз-2025 жұлдыздар шеруі” өткізілді ✨Мақсаты: дарынды, білімге құштар оқушыларды қолдау, олардың жетістігін бағалау және болашаққа деген сенімін нығайту.Бұл шара барысында оқу мен шығармашылықта, спорт пен қоғамдық өмірде ерекше жетістікке жеткен жас жұлдыздар марапатталды. Сонымен қатар, бала тәрбиесіне айрықша үлес қосып, перзенттерінің жетістігіне әрдайым қолдау көрсетіп жүрген дарынды оқушылардың ата-аналары да арнайы марапатқа ие болды.
Әрбір марапат – еңбектің бағалануы, әрбір жұлдыз – жарқын болашақтың нышаны ⭐
Дарынды ұрпақ пен саналы ата-ана – елдің ертеңі !
Іс-шараның ұйымдастырушысы — мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары
Куртыбаева Шырын Тастанбекқызы.
✨ Білімді ұрпақ – ұлт мақтанышы дей келе шәкірттеріміздің жұлдызы жана берсін!