Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№152 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық шеберлік орталығының арнайы маманы Рысбекова Әлия Айтпаевна келіп, мектеп мұғалімдерімен дөңгелек үстел өткізді.
19
февраль
2026

Педагогикалық шеберлік орталығының арнайы маманы Рысбекова Әлия Айтпаевна келіп, мектеп мұғалімдерімен дөңгелек үстел өткізді.

18 ақпан күні мектебімізге Педагогикалық шеберлік орталығының арнайы маманы  Рысбекова Әлия Айтпаевна келіп, мектеп мұғалімдерімен дөңгелек үстел өткізді. Бұл кездесуде Lesson Study бойынша мәселелер талқыланды. Шақырылған маман мұғалімдердің бірлесе отырып, сабақты жоспарлау, бақылау, талдау және жетілдіру арқылы оқыту сапасын арттыруға бағытталған кәсіби дамудың тиімді әдістерімен бөлісті. Lesson Study әдісі бойынша оқушылардың үлгерім сапасы мен мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында қолдау көрсету жолдары ортаға салынды.  Кезесуде мектеп басшылығы мен мектебіміздің алдыңғы қатарлы білікті ұстаздары өз ойларын ортаға салды.      Маманның ұсынысымен мектебімізде оқу үлгерімі бойынша төмен сапа көрсеткен сыныпты зерттеуге алып, сол сыныптағы орташа оқитын не оқу процессіне ілесе алмай жүрген балаларды бақылау әрі зерттеу алға қойылды. Ол оқушылардың оқу сапасын жақсарту үшін жоспарлау, бақылау, талқылау сынды тәсілдерді қолданып, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқу сапасын арттыру көзделді. LS бойынша мектебіміздің жауапты мамандары мен магистрлерінен құралған бірнеше топ құрылды. Сол топ мүшелерімен үлгерімі төмен оқушыларды қолдау, олардың білім сапасын көтеру мақсатында қолданылатын пайдалы әдіс-тәсілдердің түрлері талданды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: