Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№152 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалардың бойындағы рух – Тәуелсіздіктің нышаны
16
декабрь
2025

Балалардың бойындағы рух – Тәуелсіздіктің нышаны

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 3 "А" сынып оқушыларының қатысуымен ерекше тәрбиелік мәні зор шара ұйымдастырылды. Мектептің кең мәжіліс залында өткен жиында балалар қолдарына мемлекеттік туды ұстап, ел мерекесіне деген құрметін білдірді.
Дөңгелек үстел басына жиналған оқушылардың салтанатты кейпі – өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін айқын көрсетеді. Ұстазы Мұратова Арайлым Мұратқызының жетекшілігімен өткен бұл шарада оқушыларға еліміздің Тәуелсіздік тарихы, оның маңызы және жас буынның ел дамуына қосар үлесі туралы түсіндіріле түсті.

Мектеп басшылығының айтуынша, осындай тәрбие сағаттарының мақсаты – балалардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру, елін, жерін қадірлейтін азамат тәрбиелеу. Іс-шара жоғары деңгейде өткізіліп, қатысушылар көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Тәуелсіздік күні – ел тарихындағы ең қастерлі мейрам. Осыған орай ұйымдастырылған бұл шара жас ұрпақтың рухын көтеріп, мемлекеттік мерекелердің мән-маңызын терең сезінуге жол ашты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: