Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№152 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіздік туы – мәңгі желбіресін” атты әдеби-сазды кездесу кеші өтті.
16
декабрь
2025

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіздік туы – мәңгі желбіресін” атты әдеби-сазды кездесу кеші өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіздік туы – мәңгі желбіресін” атты әдеби-сазды кездесу кеші өтті.  
Қазақтың сан ғасырлық тарихында елдігімізді, жерімізді сақтап қалу үшін азаттық жолында аяусыз күрескен ұлы батырларымыздың ерлігі – мәңгілік жадымызда.  
Кештің қадірлі қонақтары – Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы Жамбылбек Тайджумаев және Желтоқсан ұйымының төрағасы Бақыт Байниязов өз естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа Тәуелсіздіктің оңай келмегенін ұғындырды.
«Даналық» мектебі жобасы* аясында «Шамшырақ» балалар театрының  тарихи қойылымы көпшіліктің көңілінен шығып, көрермендерге рухани серпіліс сыйлады.  
Бұл кеш – Тәуелсіздікке тағзым, тарихқа құрмет, болашаққа сенім екенін тағы бір дәлелдеді. Оқушылар азаттықтың қадірін терең сезініп, елге, жерге деген патриоттық рухын нығайтты.  
Сонымен қатар, ән мен би орындалып, оқушылардың көңіл күйін көтеріп, мерекенің рухын сезіндірді. Іс-шара мазмұнды, әсерлі өтті.  
Кеш соңында келген қонақтар мен ұстаздар қауымы ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, оқушылардың өнері мен белсенділігіне жоғары баға берді.  
Тәуелсіздік – ұрпаққа аманат, оны бағалау – парыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: