08
октябрь
2025
“Сөз мерген” атты тілдік мақал-мәтел, жұмбақ және жаңылтпаштар сайысы өткізілді.



“Ұлы даланың дара тұлғалары” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінде кафедра мүшелері Смадиярова Э.К.,Аманжол Г.Е. ұйымдастыруымен “Сөз мерген” атты тілдік мақал-мәтел, жұмбақ және жаңылтпаштар сайысы өткізілді. Сайысқа 5-6 сынып оқушылары қатысты. Қатысқан оқушылар ой жүйріктігін, асқан ақылдылық пен зерделі зеректігін көрсетті. Сайыс 3 кезеңді қамтып, топ мүшелері тиісті ұпаймен бағаланды. Әділқазы мүшелері әділ бағасын бере отыра жеңімпаздарды анықтап, мадақтама қағаздарымен марапаттады.