13
октябрь
2025
Байдуллаева Ақжарқын 9«Б» сыныбында «Жаһанданудың мәдени үрдістерге әсері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.


10 қазан күні №152 мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында пән мұғалімі Байдуллаева Ақжарқын 9«Б» сыныбында «Жаһанданудың мәдени үрдістерге әсері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта «Челлендж»,«Қатені тап» әдістері қолданылды, мәтіндерді стильдік тұрғыда талдауға басымдық берілді. Оқушылар ЖИ платформаларын мәтіндерді стильдік түрлендіруде қолданып, ЖИ ұсынған мәтіндердің стилі мен жанрын анықтауда сыни көзқарастарын білдірді. Сабақ соңы SWOT-талдаумен қорытындыланып, мұғалім тарапынан кері байланыс беріліп, рефлексия жасалды.