06
январь
2026
«Мұғалімдерге арналған жасанды интеллект (ЖИ) түрлері» тақырыбында семинар өткізілді.



29.12.2025 ж Білім берудегі цифрлық құралдар аясында «Мұғалімдерге арналған жасанды интеллект (ЖИ) түрлері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында білім беру үдерісінде қолданылатын ЖИ құралдарының түрлері, олардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары таныстырылды. Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, сабақты жоспарлау, бағалау және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруде ЖИ-ді тиімді пайдалану жолдары қарастырылды. Семинар қатысушыларға тәжірибелік бағытта пайдалы ақпарат беріп, заманауи білім беру талаптарына сай кәсіби дамуына ықпал етті.