06
январь
2026
“Жасанды интеллект — білім мен тәрбие жүйесін жаңғыртудың заманауи құралы” тақырыбында семинар өткізілді.



Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен “Жасанды интеллект — білім мен тәрбие жүйесін жаңғыртудың заманауи құралы” тақырыбында семинар өткізілді. Қатысушы ұстаздарға Kling ai, Genmo, Hailuo ai сынды ЖИ және Sabak.steam-hub.kz сайты таныстырылды.
Семинар барысында ЖИ-дің білім беру процесіне тиімді ықпалы, соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолдану жолдары жан-жақты талқыланды. Әсіресе, мәтін құрастыру, мәтін мазмұны бойынша сурет құрастыру, суретті видеоға айналдыру, тілдік нормаларды тексеру, оқушы жұмыстарына жедел кері байланыс беру сияқты мүмкіндіктері практикалық жағынан қызығушылық тудырды. ЖИ құралдарын тиімді пайдалану – мұғалім жұмысының сапасын арттырып, оқушының жеке оқу теориясын құруға мүмкіндік беретініне көз жеткіздік.