Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп – гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері өз тәжірибесімен бөліседі. » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп – гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері өз тәжірибесімен бөліседі.
16
март
2023

Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп – гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері өз тәжірибесімен бөліседі.

Алматы қаласы Алатау ауданы
№152 мектеп – гимназияның  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
 мұғалімдері өз тәжірибесімен бөліседі.  

       Алматы қаласы Алатау аудандық Білім бөлімінің басшылығымен                                                     2023 жылдың 13  наурыз күні  №152 мектеп – гимназия  «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында «Кітап —менің рухани азығым, тәрбиенің түп тамыры қазығы» тақырыбында аудандық семинар – тренинг өткізді. 
       Семинардың ашылуында сөз алған мектеп - гимназия директоры                                               Р.С Абдикаримова  мен Алатау аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет әдіскері Самағұлова Алия Белгібаевна  мұғалімдерді бірлесе, қоғамдастықта жұмыс жасауға шақырды. 
         Семинар бағдарламасы бойынша оқушылардың оқуға ынтасын арттыру мақсатында  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шайхина Күлшара Тлекбергенқызы "Қ.Әбдіқадыровтың "Қажымұқан" "шығармасындағы кейіпкерлер бейнесі " тақырыбында  6 "Б" сыныбымен ашық сабақ өтті.  Сабақ барысында АКТ мүмкіндігін кеңінен пайдаланып, белсенді әдіс – тәсілдерді шебер қолданды. "Иә - жоқ" әдісі арқылы үй жұмысы тексерілді. Постер қорғау арқылы көркем образдың жасалу түріне сипаттама берді. Сергіту сәтінде "Белсенді сәйкестендіру" әдісі өте тиімді қолданылды.  Жеке жұмыс кезінде "Ыстық орындық" әдісі оқушылардың кейіпкер образына еніп, өзіндік креативті жауаптар табуына жол ашты. Әр тапсырмада оқушылар бағалау парағымен жұмыс жасап, өздерін,  өзге топтарды бағалап отырды. Сабақ барысында  афоризмдермен бағалау балаларға ерекше әсер қалдырды. Жаңа сабақты бекітуде "Plickers" әдісі өте тиімді болды.
Семинар бағдарламасы бойынша  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүлейменова Фарида Нусубалиевна «Сын тұрғысынан ойлау — оқу дағдыларын дамыту жолы» атты коучинг ұйымдастырды. Мұғалімдерді топқа бөлумен басталған  коучинг бір бірін алмастырған қызықты тапсырмалармен жалғасын тапты. Сыни ойлауды дамытудағы тиімді әдіс - тәсілдер қатысушылардың белсенділігін арттыра түсті. Әрбір тапсырма қатысушылардың сыни ойлауы мен креативтілігін дамытып, әр белсенді топ мүшесі сыни ойлауды дамытатын әдіс - тәсілдер жазылған парақшалармен бағаланып отырды. Коучингке кезінде Алатау аудандық Білім Бөлімінің әдіскері Смағұлова А.Б. мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Жақыпбекова Н.А.   қызықты тапсырмаларды топтармен бірлесе орындап, ой бөлісті. Оқушыны кітап оқуда тек мазмұнды оқытумен ғана емес, талдап оқуға үйрететін сыни ойлауды дамыту тәсілдерін кеңінен түсіндірген коучинг өз мақсатына жетті.Семинардың қорытынды түйінін жасаған   8 «А», «Б», «Д» сынып оқушыларының және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Далбаева Атен Урустенбековнаның ұйымдастыруымен  “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында  батыр жазушы Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя” повесі бойынша  сахналық қойылымы болды. Батыр Бауыржанның балалық шағын, өскен ортасы, туған жерін, ауыл адамдарын, құшағы мейірімге толы әжесін, асқар тау әкесінің бейнесін оқушылар өз қабілеттерімен  сахналап шықты. Осы кітапты түгелдей оқып шыққан оқушылар қойылымды көрсету арқылы нағыз патриоттық тәрбие, ұлт құндылықтарын білу, салт - дәстүрді сыйлау, туған елдің тәрбиесі сияқты жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білді. Атен Урустенбековнаның сабақ пен сабақтан тыс жұмыстың тамаша үйлесімін көрсете білген жұмысы шеберлігін танытты. Семинар – тренингке қатысып, қорытынды сөз алған  Алатау аудандық білім бөлімінің әдіскері Смагулова А.Б.,  кері байланы арқылы өз пікірлерін білдірген аудан мектептерінің мұғалімдері мен мектеп – гимназия мұғалімдері  көшбасшылық жұмыстары үшін тәжірибелі тәлімгерлер Далбаева Атен Урустенбековна, Сүлейменова Фарида Нусубалиевна, Шайхина Күлшара Тлекбергенқызы мен тәлімалушы жас мамандарға, осы жұмыстың басында жүрген кафедра жетекшісі Азербаева Жібек Талғатқызы мен мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді. 
          Қатысушылар семинар барысында білімі мен қабілетін ерекше танытып,  бар  мүмкіндіктерін көрсете білген 6 сынып оқушылары мен  8 сыныптың оқушыларының табанды жұмыстарына ерекше тоқталып, болашақтарына сәттілік тіледі. Келген аудан мектептерінің мұғалімдері  өз сөздерінде көркем шығарма оқуда белсенділік танытып жүрген оқушылардың  еңбектері өздеріне де ой салып, кітап оқуға  деген құштарлықтарын арттырғандарын баса айтты.   
        Жас ұрпақты  рухани құндылықтармен сусындату, баланың кітап оқуға деген қызығушылығын  арттыру, жүйелі оқу дағдыларын қалыптастыру жолындағы белсенді ұстаздық әрекеттері үшін мектеп – гимназия әкімшілігі ұстаздарымыздың тәлімгерлік жұмыстардағы шығармашылық жұмыстарына және мектеп – гимназия мерейін асқақтата білген оқушыларға алғыс білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: