04
март
2022
Аудандық "Үздік авторлық бағдарлама" конкурсының жүлдегері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, директордың оқу ісі орынбасары Сатанбаева Панар Молдахановна.
152 мектеп - гимназия ұстаздары әрдайым көшбасында! Аудандық "Үздік авторлық бағдарлама" конкурсының жүлдегері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, директордың оқу ісі орынбасары Сатанбаева Панар Молдахановна қалалық байқауда авторлық еңбегінiң оқушыларды оқуға ынталандырудағы ерекшелігін дәлелдей білді. 7-сыныпқа арналған ,,Халық ауыз әдебиеті,, элективті авторлық курс бағдарламасы жоғары бағаланып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Әріптесіміздің білім берудің мазмұнын жетілдірудегі инновациялық идеяларды жинақтау және таратудағы еңбегіне толағай табыс тілейміз! Тәжірибесін тереңдетiп, жеке шығармашылық жұмысымен танылған көшбасшы ұстаздар легi толығып, мектеп - гимназия мерейi асқақтай берсін!