152 мектеп- гимназияның «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін дамытудағы - заманауи білім» атты апталығы аясында Рүстембай Іңкәр 3 “Ә”сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өтті. » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 152 мектеп- гимназияның «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін дамытудағы - заманауи білім» атты апталығы аясында Рүстембай Іңкәр 3 “Ә”сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өтті.
12
апрель
2023

152 мектеп- гимназияның «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін дамытудағы - заманауи білім» атты апталығы аясында Рүстембай Іңкәр 3 “Ә”сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өтті.

152 мектеп- гимназияның  «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін дамытудағы - заманауи білім»  атты   апталығы  аясында Рүстембай Іңкәр 3 “Ә”сыныбында математика пәнінен ашық сабақ  өтті.   Сабақтың тақырыбы:  "Қағаз ақша”.  Сабақтың  тәрбиелік мәні:  өзара достық қарым-қатынас  пен  еңбекті  бағалау,  ұлттық  валютамыз - теңгенің тарихымен  таныстыру,  ұлттық  валютаға  құрмет.  Ойната  отырып,  өзара  құрмет,  тапқырлықты қалыптастырып,  дамыту.  Мақсаты: 1000 тг, 2000 тг, 5000 тг купюраларды ажырату және түрліше төлем жасап үйрену. Өрнек /сызба/сурет/кесте бойынша  есеп құрастыру. Өмірде ақшаны қалай тиімді, дұрыс пайдалану керектігін үйрету. Сабақ  барысында  оқушылар арнайы көрсетілген сумманы әртүрлі тәсілмен жинады. Ол үшін қима қағаздарды пайдаланды. Мәселе  есептер шығарып, суреттер бойынша есептер құрастырды. Амалдарды шығара отырып, оларды арнайы ретпен орналастырды. Қазақстандағы өзен атауларының ұзындығын анықтап, сабақты дүниетанумен байланыстырды. Оқулықпен,  тақтамен, дәптермен, интербелсенді  тақтамен  жұмыс жүргізіліп, сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту бағытына жұмыстар  жасалынды. Сабақ  көңілді,  қызықты  өтілді.  Сергіту  сәті   жасалды. ЕБҚЕБ  (оқушыға) арнайы тапсырма беріп тексерді. Сабақ  барысында  оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру  процесіне,   функционалды сауаттылықтарын  қалыптастыруға  арналған тапсырмалар  мен  логикалық  жұмыстар  тиімді  ұйымдасттырылған. Педагог - жазылымды дамыту есеп шығарудың шапшандылығын  меңгертті және оны нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдануға  баулудағы   іс-тәжірибесін көрсетті. 3 “Ә”сынып оқушылары  сабақта  белсенді  болды. Бұл ұстаздары Рүстембай Іңкәрдің еңбегі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: