№ 152 мектеп- гимназияның «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін дамытудағы- заманауи білім» атты апталығы аясындағы Гарипова Дәрігүлдің 1 "К" сыныбында ана тілі пәнінен ашық сабақ өтті. » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 152 мектеп- гимназияның «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін дамытудағы- заманауи білім» атты апталығы аясындағы Гарипова Дәрігүлдің 1 "К" сыныбында ана тілі пәнінен ашық сабақ өтті.
13
апрель
2023

№ 152 мектеп- гимназияның «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін дамытудағы- заманауи білім» атты апталығы аясындағы Гарипова Дәрігүлдің 1 "К" сыныбында ана тілі пәнінен ашық сабақ өтті.

№ 152 мектеп- гимназияның  «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін дамытудағы- заманауи білім»  атты   апталығы  аясындағы  Гарипова Дәрігүлдің 1 "К" сыныбында  ана тілі пәнінен ашық сабақ  өтті.   Сабақтың тақырыбы:  "Ертегілер еліне саяхат ".   Сабақтың  тәрбиелік мәні:  Оқушылар арасында жағымды көңіл- күй тудыру. Ертегі кейіпкерлерін рольге бөліп сомдау. Танымдық қызығушылығын оята отырып Отанын сүйге, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге, еңбекқорлыққа үйрету. Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін өмірмен байланыстыра отырып, жақсы мен жаманды ажырата білу. Сабақта "Көңілді қимыл" әдісі бойынша психологиялық ахуал тудырды.  "Аю мен қоян" ертегісі желісінде театрландырған қойылым көрсетті. Сабақта  - тыңдалым, айтылым әрекеттері арқылы сөз өнеріне баулу,  ауызша тіл мен жазба тілін дұрыс дамыту, мәтіндідұрыс оқу, түсініпоқу, мәнерлепоқу, шапшаң оқудағдыларын қалыптастыру, ауыз әдебиет үлгілері мен көркем шығармалар, ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу. 1"К" сынып оқушылары автор- Жандосқызы Жанерке, Самет Сезім-қоян, Асқар Бейбарыс- аю, Төлеухан Сұлтан-қасқыр, Даниярұлы Бексұлтан-қарға, Шурайбай Раяна- түлкі болып рөлдерде ойнады. Оқиға желісін түсініп оқыған балдырғандар кейіпкерлерді   беріле ойнап,  қылықты,  тәтті тілдерімен,  сүйкімділіктерімен,  жарасымды костюмдарымен, тартымды қылықтарымен көрермендерді баурап алды.Сабақтың қорытындылау кезеңінде тарапта  суреттер арқылы кім? не?  сұрақтарына жауап беретін суреттерді тиісті қалташаға салу арқылы заттың атын білдіретін сөздер туралы тақырыпты қорытындылады.  Сабақ қызықты  өтті. Мұғалім  сабақтың мақсатына  жетті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: