152 мектеп- гимназияның «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін дамытудағы- заманауи білім» атты апталығы аясындағы Кожабергенова Альбина 1"Л" сыныбында ана тілі пәнінен ашық сабақ өтті. » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 152 мектеп- гимназияның «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін дамытудағы- заманауи білім» атты апталығы аясындағы Кожабергенова Альбина 1"Л" сыныбында ана тілі пәнінен ашық сабақ өтті.
11
апрель
2023

152 мектеп- гимназияның «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін дамытудағы- заманауи білім» атты апталығы аясындағы Кожабергенова Альбина 1"Л" сыныбында ана тілі пәнінен ашық сабақ өтті.

152 мектеп- гимназияның  «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзіреттілігін дамытудағы- заманауи білім»  атты   апталығы  аясындағы  Кожабергенова Альбина 1"Л" сыныбында  ана тілі пәнінен ашық сабақ  өтті.   Сабақтың тақырыбы:  "Заттың атын білдіретін сөздер".   Сабақтың  тәрбиелік мәні:  өзара ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, денсаулықтың қадірін түсінуге,  достық  қарым- қатынасқа, мейірімділікке үйрету,   туған жерді  құрметтеуге баулу.
 Мақсаты:   "Заттың атын білдіретін сөздерді меңгерту". 
Сабақта, "Сиқырлы телпек" әдісі бойынша өткен тақырыптарға байланысты ережелерді еске түсіріп,  "Кинометраж"  әдісі арқылы  оқушыларға бейнежазба көрсетіліп жаңа сабақты және жаңа   тақырыпты ашты.«Аквариум» әдісі арқылы  үш топқа бөлініп,  
1 топ Спорт
2 топ Тазалық 
3 топ Дұрыс тамақтану, - деп  топтың аты анықталды.Әр  топтағы оқушыларға шығармашылық тапсырма берілді.Топ басшылары топтың атына сай суреттер бойынша тобын қорғап шықты. Оқылым бойынша  «Тізбектеп оқу»  әдісі бойынша мәтінді оқып шықты. Жазылым бойынша жаттығуды дәптерге көркем жазды, Әр топқа «Күшті»,«Спорт»,«Шымыр» сөздеріне дыбыстық талдау жасатылды. Сергіту сәтінде «Арам-зам-зам»  әуенімен қимыл жаттығулары жасалды. Бұл жаттығу арқылы оқушылар жылдамдыққа, іс- әрекеттерді дұрыс жасауға дағдыланады. 
Пәнаралық байланыс дүниетану, жаратылыстану, музыка болды.   Оқушыларға «Заттың атын білдіретін сөздер» туралы толық түсінік   берілді.  Сабақ  барысында  оқушылар белсенді, берілген тапсырмалар мен жаттығуларды дұрыс және жылдам орындай алу қабілеттерін көрсетті.  Оқушыларды  тұлғалық қасиеттер: білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздікті дамытуға  жұмыстар жасалынды.  Оқулықпен,  тақтамен, дәптермен, интербелсенді  тақтамен  жұмыс жүргізілді. Әр топтың жауаптары «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланды. Топтық жұмыс-әрекеттері мұғалімнің көмегімен бағаланып отырды. Сабақ «Лабиринт» әдісімен және  «Суреттерге сұрақ қою»  арқылы қорытындыланды. «Алма ағашы» әдісі арқылы кері байланыс жүргізілді. Оқушылар   таратылған алманы «Алма  ағашына» ілді.  Кожабергенова Альбина ана тілінен өткен ашық сабағында,  ұдайы оқыту үдерісіне пайдаланып жүрген  көркем жазунормаларынсақтайотырып, әріпэлементтерін, бас және кіші әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазуды қалай үйрететінін, сөйлемнің басындағы сөзді бас әріптен жазу, сөйлем ішінде сөздердің бөлек жазылуы, сөйлемнің соңына тыныс белгісін қоюды, қарапайым сұрақтарға жазбаша жауап беру, сюжетті суретке қарап мәтін құрастыруды үйреткенін,  қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастырғанын,  оқушының  оқу жылдамдығы кезіндегі оқу тәсіліне, оқығанын түсінуіне және оқу мәнерлігіне  мән беріп, оқу сауаттылығына  жасалынып  отырған  жұмысын   көрсетті. Тапсырмаларды  түсіндіру,   диалогтарға қатысу,  мәтінмен жұмыс  тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыта білген. А.Б. Кожабергенованың  оқушыларына сәттілік,  өзіне  амандық пен сәттілік  тіледік.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: