152 мектеп - гимназия жас мамандары кез - келген бiлiм, ғылым бәсекесінде көшбасшы! » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 152 мектеп - гимназия жас мамандары кез - келген бiлiм, ғылым бәсекесінде көшбасшы!
10
июнь
2022

152 мектеп - гимназия жас мамандары кез - келген бiлiм, ғылым бәсекесінде көшбасшы!

152 мектеп - гимназия жас мамандары кез - келген бiлiм, ғылым бәсекесінде  көшбасшы! Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, педагог, химия мұғалімi, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Басқарма Төрайымы Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы  Алматы қаласының  жас мамандарымен кездестi.  Осы кездесуге 152 мектеп - гимназиядан жас маман, болашағынан зор үміт күттіретін,   қалалық, республикалық  конкурстарға өзі де, оқушысында қатыстырып, жоғары жетістіктерге жетелей білген,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигелдиева Гүлзат Битөреқызы қатысты. Кездесу барысында Күләш Ноғатайқызы: "Биылғы жылы мектептердегі оқу кабинеттері,  соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттерін бөлек жабдықтап ашатынын және бұл бірінші Түркістан облыстарындағы мектептерден бастау алатынын айтты". Осы тұста, Гүлзат Битөреқызы: "Мен өз ұсынысымда, егер жеке қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттері ашылса, онда осы уақытқа дейін белгісіз болып келген, елi үшін қызмет еткен дарынды тұлғаларымыздың — "Алаш арыстарының"  есімдерін жазып әр кабинет бұрышына таныстырылым ретінде қойылса" деген ойымды бiлдiрдiм. Күләш Ноғатайқызы ұсынысымды қарастыруға болатынын  және  осы жоба бойынша алда бірге жұмыс жасалатынын айтып қуантты. Кездесу еркін форматта өтті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: